АҚШ Қырғызстанға қарсы санкция дайындап жатыр

АҚШ Қырғызстанға санкция салуға дайындалып жатыр. Stan.kz ақпарат агенттігі Washington Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ президентінің әкімшілігі Қырғызстанның санкция салынған тауарларды Ресейге жеткізуін тоқтату үшін қысым көрсету мақсатында жаңа экономикалық шараларды әзірлеп жатыр. Ресейге тыйым салынған тауарларды жеткізген компанияларды қара тізімге енгізіп, оларға санкция салуда. 

Бірнеше америкалық және еуропалық дипломаттардың Қырғызстан астанасы Бішкекке жасаған сапарларынан кейін Байден әкімшілігі жаңа экономикалық шараларды әзірлеп жатыр.

Бұрын санкция салу немесе заңсыздықтар үшін айыпталған компаниялардың қара тізіміне енгізу әрекеттері осы аптаның басында қабылдануы мүмкін,

делінген хабарламада.

Жалпыға қолжетімді сауда құжаттары Қырғызстанның көлеңкелі нарығының ауқымы туралы түсінік береді. Есептер Қырғызстанның Ресейге экспортының жалпы көлемі 2022 жылы артқанын көрсетеді. Сондай-ақ, Ресей Украинаға басып кіргенге дейін өткен жылмен салыстырғанда 250 пайызға өскен.

Қырғызстан басқа елдермен салыстырғанда шағын болғанымен, барлық фактордың бір уақытта санкцияларды айналып өтуіне жол берген,

деді шенеуніктердің бірі.

Басылымның хабарлауынша, АҚШ Қырғызстаннан Ресейге тасымалданып жатқан қытайлық DJI Agras T30 ұшқышсыз ұшу апараттарының 14 партиясын Қазақстанда ұстағаны туралы хабарға ерекше назар аударған. Кедендік мекеме жеткізушінің тауарды тасымалдауға лицензиясы жоқ екенін айтты.

Washington Post газеті Қырғыз билігі Қытайдың ұшқышсыз ұшақтарын Ресейге экспорттау әрекеті туралы ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартқанын айтты. Алайда америкалық басылым АҚШ-тағы Қырғызстан елшілігінен түсініктеме алды. Елшілік Мәскеумен сауда-саттықтың артуы ішінара ел шекарасы арқылы тауарлардың қозғалысын бақылайтын электрон жүйелердің жетілдірілуіне байланысты екенін айтты.

Қырғызстан мен Ресей Еуразиялық экономикалық одаққа мүше, ал жалпы Ресей біздің негізгі сауда серіктестеріміздің бірі,

деді Қырғызстанның АҚШ-тағы елшілігінің қызметкері.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

16 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

17 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago