Атыраудағы «Балдәурен» балабақшасының педагогтары кішкентай балаларды суыққа төзімді болады деген оймен қыста қардың үстімен жүгірткен екен.
Видеосы тарап кетті әлеметтік желіде.
Желі қолданушылары мұндай жаңашылдыққа таң қалды. Кадрларда балалар тәрбиешімен бірге сырт киімсіз және жалаң аяқ балабақшадан шығып, қардың үстімен жүгіріп жүр.
Бұл әрекетке тек ата-аналар мен балалардың келісімімен барады. Егер бала жүгіргісі келмесе, оны ешкім мәжбүрлемейді,
деп сендірді әкімшілік.