Атырау қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сотында «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» ЖШС үстінен әкімшілік іс қаралып жатыр, деп хабарлайды «Ақ Жайық» порталы.
Атырау облысы бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының м.а. Бердібек Таишев ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-тармағы («Тиiстi тiркеусiз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу») бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырып, сотқа жолдаған.
«Қазақ ұлттық қыздар мектебінің» директоры Жұмазия Жолмұханова менің оқу орнын Ұлттық білім беру деректер қорында тіркеп, мектеп жұмысына рұқсат бергенімді айтады. Бірақ мен ешқандай рұқсат берген жоқпын,
дейді Таишев.
Таишевтің айтуынша, кез келген меншік нысанындағы оқу орны Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін лицензия алуға өтініш беруі керек. Оны алты айдың ішінде алады. Оқу орны лицензияны алмай тұрып, қызметін бастап кете алмайды. Жарты жыл ішінде лицензия алуға тиісті құжаттары жиналады. Осы уақыт ішінде кез-келген уақытта лицензия алуға өтініш бере алады.
Қазіргі кезде мектеп жұмыс жасап жатыр. Мектеп директоры Жұмазия Жолмұханова лицензия алу үшін талап етілген құжаттарды департаментке тапсырғанын айтады.
ҚР «Білім туралы» Заңының 40-бабы 2-1-тармағында, егер оқу орны жұмысын бастаған уақыттан бастап алты ай ішінде лицензия алмаса, онда оның қызметі сот тәртібімен тоқтатылады делінген.
Білім саласын бақылау департаменті маған 6 ай ішінде лицензия алып, мұғалімдерді жалдап, қажеттінің бәрін сатып алуға үлгеруіміз керектігін айтты. Мен де алты айдың ішінде жұмысқа кірісіп, лицензия рәсімдеу керек екенін, әйтпесе жабылып қалатынымызды түсіндім,
дейді Жолмұханова.
Мектеп директорының айтуынша, қолданыстағы заң бойынша лицензия алу үшін оқушылар контингенті және педагог кадрлар туралы мәліметтер енгізілуі қажет. Ал мұғалім жалақы алмаса немесе оқушы білім алмайтын болса, онда мұндай мектепке ешкім келмейтіні анық.
Осы тұрғыда жоғарыдағы аталған құқықтық актілер мен заңдар арасында бірізділік, өзара үндестік жоқ.
Айта кету керек, бұған дейін Атырауда «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» деген атпен салафиттік мектеп ашылғаны туралы қоғам белсенділері хабарлаған болатын. Жұрт Оқу-ағарту министрінен мектептің заңдылығын тексеруді талап еткен.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…