Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Шетел басылымына шолу > Ауғандар ашаршылықтан балалары мен органдарын сатып жатыр
Шетел басылымына шолу

Ауғандар ашаршылықтан балалары мен органдарын сатып жатыр

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 25.11.2022
Обновлено 25.11.2022 в 11:11
Поделиться
Поделиться

Кейбір ауғанстандықтар балаларының аштық сезімін басу үшін седативті препараттар беруге мәжбүр, ал басқалары күнкөрістің қамы үшін қыздарын немесе өз органдарын сатып жатыр. Алда қыстың келуімен миллиондаған адамның аштыққа ұшырау қаупі төніп тұр. Бұл туралы BBC агенттігі жазды.

Мазмұны
Таңғы асқа — нан, кешкі асқа — нанБүйрек – қарыз жабу ретіндеҚыздарының қалың малын алдын ала аладыАштықтан балалар ауруҮкімет адамдар өтірік айтады дейді

Таңғы асқа — нан, кешкі асқа — нан

Агенттікке сұхбат берген Абдул Вахаб есімді азамат елдегі үшінші үлкен қала Гератта, соңғы онжылдықтарда пайда болған және соғыс пен табиғи апаттардан қашқан адамдарға толы мыңдаған шағын кірпіш үйлердің бірінде тұрады. Айтуынша, балалары тоқтамай жылайды және аш болғаннан ұйықтай алмайды, тамақ жоқ. Сол себепті дәріханағадан ұйықтататын дәрі алып береді екен.

Және тілшінің айналасына жиналған онға жуық ер адам да балаларына седативті дәрі беруге мәжбүр екендерін айтқан. Олардың әрқайсы көпбалалы әке. Және барлық баланы күнделікті тойдыру мүмкін болмай бара жатыр.

Тілшілер жергілікті дәріханадан 10 афганиге (шамамен 10 АҚШ центі) бес таблетка транквилизатор сатып алуға болатынын анықтаған. Бір бөлке нан да сонша тұрады.

Ауғанстанда көптеген отбасы тек нан жеп күн көріп отыр. Бір әйелдің айтуынша, олар таңғы асқа құрғақ нан, ал кешкі асқа суға малынған нан жейді.

БҰҰ ескерткендей, Ауғанстанда гуманитарлық апат басталып кетті. Қазір елде экономикалық күйзеліс, соның салдарынан көптеген ер адамдар жұмыссыз қалған.

Бүйрек – қарыз жабу ретінде

Отбасын асырау үшін олар ауыр жұмыстан болсын қашпайды, бірақ ондай жұмыс қазір сирек. Сондықтан кейбірі ішкі органдарын сатуға мәжбүр.

Басылымға сондай кейіпкерлердің бірі сұхбат берген. Айтуынша, үш ай бұрын ол бүйрегін сатқан. Дәлел ретінде ішінен бастап арқасына дейін созылған ұзын, қызыл тыртықты көрсетті. Жиырма жастағы жігіт «Басқа амалым болмады» дейді. Бүйрегі үшін ол 270 мың афгани (шамамен 3100 доллар) алған. Көп бөлігін отбасын асырау үшін алған қарыздарын жапқан.

Органдарды сату — Ауғанстан үшін жаңа құбылыс емес. Бұл талибан (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) билікке келгенге дейін де болды. Бірақ талибан билігі келуімен де ештеңе өзгермейтініне олардың көздері жетіп жатыр, адамдардың күнкөрісі әлі де қиын.

Қыздарының қалың малын алдын ала алады

Басылым тілшілері үйлердің бірінде күлімсіреген төрт жасар Назиямен танысады. Оның әкесі Назияны сатуға бел буғанын айтқан. Себебі отбасының тамаққа ақшасы жоқ.

Назия болашақта елдің оңтүстігіндегі Кандагар провинциясында тұратын отбасынан шыққан балаға тұрмысқа шығады. 14 жасқа толғанда болашақ күйеуіне жіберіледі. Әкесі қызы үшін екі төлем алып қойған.

«Мен ақшамды кенже ұлыма тамақ пен дәрі-дәрмектерге жұмсадым. Аштықтан не болғанын қараңыз»,

деп әкесі кенже ұлының ісінген ішін көрсетеді.

Аштықтан балалар ауру

«Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық тәуелсіз гуманитарлық ұйымының (Médecins Sans Frontières (MSF) мәліметтері бойынша, өткен жылмен салыстырғанда биыл олардың ауған бөлімшелеріне аштық белгілері бар науқастар 47%-ға көп түсті.

Гераттағы MSF тамақтану орталығы — бұл жақсы жабдықталған жалғыз мекеме, ол тек осы қалаға ғана емес, сонымен қатар көршілес Гор мен Бадгис провинцияларына да қызмет етеді, онда жеткілікті тамақтанбау деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 55%-ға өсті.

Орталықта емделуге келген балалар ағынымен күресу үшін төсек саны артты, бірақ клиника әрдайым толып кете береді. Сонымен қатар, балаларды аштықтан ғана емес, сонымен қатар оның аясында өршіген басқа аурулардан да емдеуге тура келеді.

Тілшілер жеткілікті тамақтанбаудан зардап шеккен балаларды да көреді. 14 айлық Омид аштықтан, грыжасы мен сепсистен емделіп жатқан балалардың бірі. 14 айлық баланың салмағы небәрі 4 кг, ал дәрігерлердің айтуынша, оның жасындағы баланың салмағы кем дегенде 6,6 кг болуы керек.

Үкімет адамдар өтірік айтады дейді

Басылым Гераттағы Талибан үкіметінің өкілі Хамидулла Мутавакилден биліктің аштық мәселесін шешу үшін не істеп жатқанын сұрады.

«Бұл жағдай Ауғанстанға қатысты халықаралық санкциялардың және ауған активтерінің қатып қалуының нәтижесі», — деді Мутавакил. «Үкімет қанша адамға көмек қажет екенін анықтауға тырысып жатыр, бірақ көбі өмір сүру жағдайлары туралы өтірік айтады, өйткені барлығы көмек алуға үмітті». Талибан өкілінің айтуынша, ауған халқының жағдайы олар айтқандай соншалықты қайғылы емес.

Ол сондай-ақ Талибан жұмыс орындарын құруға тырысып жатыр деп мәлімдеді. «Біз темір рудасы шахталарын ашуды және газ құбырын салу жобасын қарастырып жатырмыз», — деп атап өтті үкімет өкілі, бірақ бұл жақын арада болуы екіталай.

ТЕГи: Геосаясат, Главное, Трендте
Анара Бауыржанқызы 25.11.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?