Ауғанстан алғаш рет отандық спорткарын шығарды

Ауғанстан халықаралық бәсекеге қабілетті әлемдегі алғашқы отандық спорттық автокөлік өндіргенін мәлімдеді. Автокөлік Mada 9 деп аталады және Катарда көрмеге қойылады, деп хабарлайды ToloNews агенттігі.

Entop автомобиль дизайны компаниясының қызметкері және инженер-жасаушы Мухаммад Риза Ахмадидің айтуынша, Mada 9-ды Ауғанстанның ақпараттық технологиялар министрлігі мен Ауғанстанның инновация орталығының қаржылай қолдауымен және ықпалымен бес жыл бойы 30 адамнан құралған топ «Наувари» техникалық және кәсіптік білім орталығында жасап шығарған.

Бұл көлікті жасау үшін Ахмади «Toyota Corolla» көлігінің қозғалтқышын пайдаланған, оны жарыста қолданар алдында жаңарту қажет.

Ол көлікке көптеген ұсыныстар алғанын, бірақ көлік сатылмайтынын атап өтті. Оның бағалауынша, машина халықаралық бәсекеге қабілетті.

Бұл машинаның ерекшелігі — Ауғанстанда жасалған және әлемде басқа мұндай машина жоқ деуге болады. Ауғанстан соғыспен, қақтығыстармен және кедейлікпен танымал ел болды, бірақ енді мұнда осындай дүниелер де бар. Екіншіден, оның дизайны бірегей, үшіншіден, автомобиль мықты және жеңіл,

деді ол.

Ауғанстанның кәсіптік-техникалық білім және инновациялар орталығының директоры Мавлави Гулам Хайдар Шахаматтың айтуынша, автомобильдің суреттері интернетте тараған. Оның Ауғанстанда шығарылғанын естіген әлем таң-тамаша болған көрінеді.

Көлік әлі толық жасалып біткен жоқ және ол елдің бүкіл провинцияларында таныстырылады деп болжанып отыр. Спорткар алғаш рет 2022 жылдың желтоқсанында алғашқы қар жауғанда көрсетілді. Әлеуметтік желілерде спорттық көлікке «Бугаттидің ұлттық баламасы» деген атау берілді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago