Атырау облысында бір аптада қоғамдық көлікке қатысты 500-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Polisia.kz мәлімдеуінше, «Автобус» жедел-профилактика іс-шарасы барысында жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзудың 67 фактісі белгілі болды.
Жүргізушілер еңбек және демалыс режимін бес рет бұзған, 10 жүргізуші жолға дейінгі және медицина тексересінен өтпей қалған. 17 жүргізуші көлік құралын тиісті рұқсатсыз айдаған.
Ең жиі кездесетін заң бұзушылық — жүргізушілердің көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолдануы. Бұл дерек бойынша 88 жүргізіші ұсталды.
26 жүргізуші жылдамдықты шектен асырған. Бір жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізгені үшін ұсталды.