Categories: Денсаулық

Ауылға келген дәрігерлерге 10 млн теңге көтерме ақы берілуі мүмкін

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, оларға қатысты бірқатар заң жобасы Үкімет қарауына жіберілгенін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Құрметті дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздердің мамандықтарыңыз ең қиын, жауапты және асыл мамандықтардың бірі. Сіздер күн сайын мыңдаған адамдардың өмірін сақтап қалып, нағыз ерлік жасап жүрсіздер. Президенттің тапсырмаларына сәйкес соңғы жылдары жалақы көтеріліп, жаңа денсаулық сақтау нысандары салынып жатыр.

Аймағамбетов қазір денсаулық сақтау туралы заң жобасы қарастырып жатқанын атап өтті.

Қазір біз денсаулық сақтау туралы заң жобасын қарастырып жатырмыз. Онда медицина қызметкерінің мәртебесін бекіту, дәрігерлерді әлеуметтік қолдау және құқықтық қорғау бойынша қосымша шараларды қарастыру маңызды. Осы мақсатта біздің комиттетің депутаттары бірқатар түзетуге бастамашылық жасады. Бүгінде бұл түзетулер Үкіметтің қарауына жіберілді,

деді төраға.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago