Бағдарлама жақын арада басталады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінде отандық ауыл шаруашылығы техникаларына жеңілдікпен лизинг жасау тетігін енгізуге қатысты жиын өтті.
Жиынға қатысқандар отандық ауыл шаруашылығы техникаларына жеңілдікпен лизинг жасаудың негізгі тәсілдерін талқылап, келісті. Техникаларды «Жасыл даму» АҚ (Оператор РОП) есебінен жүзеге асырту тетігі қарастырылды.
Бұл тетікті биылғы жаппай егін ору маусымы басталғанға дейінгі қысқа уақытта қабылдау жоспарланып отыр. Бағдарламаның шарттары шағын және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарын ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуын ынталандыруға бағытталады. Бағдарламаны «Бәйтерек» ҰБХ-ның еншілес ұйымдары қаржыландырады. Бағдарламаға 40 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.