Ауылда ешкім жұмыс істегісі келмейді, сондықтан Қазақстан аш отыр — фермер

Көп жылын сақтандыру саласын дамытуға арнаған белгілі қаржыгер Рамазан Әсілов төрт жыл бұрын өз күшін ауыл шаруашылығында сынап көруге бел буды. Қазақстандық өндірістің дамуына өз үлесін қосуға деген ниеті де болғанын жасырмайды.

2017 жылы мен ет пен ет өнімдерін экспорттағаннан гөрі импорттайтынымызды білдім. Сонымен қатар, базарлар мен маркеттерден сатып алатын көкөністер мен жемістер Египеттен, Аргентинадан, Бразилиядан, Ираннан, Парагвайдан әкелінеді. Жүзім — Аргентинадан, ірі қара мал еті — Беларуссиядан, жылқы еті — Уругвайдан, жидектер — Қырғызстаннан, көкөністер — Ресей мен Өзбекстаннан. Бұл тізім ұзақ. Әлемде жер көлемі бойынша тоғызыншы орындағы, тарихи тұрғыдан мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығының басқа да бағыттары есебінен өмір сүрген ел басқа елдерден жеміс пен ет өнімдерін сатып алады,

деп Рамазан Әсілов өзінің Facebook парақшасында жазды.

Және аграрлық бизнесті қазақстандық тәсілмен жүргізудегі өз тәжірибесімен бөлісті. Бұған оның айтуынша, жалғыз ынта мен жанып тұрған көз жеткіліксіз.

Әсілов агробизнесті бірнеше бағыт бойынша жүргізеді — 8 гектар таңқурай, 50 гектар жоңышқа, бірнеше жүз бас қой, жылыжай және танымал дақылдармен екі гектар бақша. Әр бағыттың өзіндік қызықты тарихы бар және әзірге нәтиже бір – табыс жоқ.

Ақша жоқ — тек өз ісіңнен ләззат алу

— Қойлар кездейсоқ пайда болды. Жақын досым біршама қиын жағдайға тап болды және оның қой өсіру ісіне үлес қосуымды ұсынды. Мен келістім, — дейді фермер. — 2021 жылы мал басын көбейту туралы шешім қабылдадым, 160 қой сататын адамды таптым, бірақ бізде тек 60 қойға қолма-қол ақша болды. Сөзімізге сеніп, ол бізге барлық отарды бөліп төлеуге сатты. Толық ақшасын берген соң, ол біздің адалдығымызға риза болып, екі қаз сыйлыққа берді. Жаңа жылдық үстелге деп берген. Бірақ қаздар ұрғашы болып шықты және қазір жұмыртқа басады. Сондықтан мен құс шаруашылығында да өз күшімді сынап көруге бел будым.

— Сізге нақты немен айналысу керектігі бойынша кім кеңес берді? Неліктен таңқурай мен жоңышқа өсіруді таңдадыңыз?

— Менің жолдасым менен гөрі тәжірибелі фермер, барлық бағыттарды зерттеген, содан кейін біз топ болып шаруашылық құрдық. Мен өзімнің негізгі жұмысым — сақтандыру бизнесін тастамай, кәсіпке аздаған ақшамен кірдім. Алғашқы екі жыл фермерлікпен пассивті айналыстым. Келіп, қызметкерлермен, шопандармен, трактористермен сөйлесіп кететінмін.

Пандемия жылы мен қаладан тыс жерде тұрдым, өйткені мен облыста тұрамын, ал шаруашылық Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан. Қалаға кіру мүмкін болмады, және карантин көктемде қойларды қырқу және вакцина егу, таңқурай өңдеу, егуге дайындық басталған кезде болғандықтан, мен фермерлікке басыммен кіріп кеттім. Міне, 2020 жылдан бастап ол менің өмірімнің бір бөлігіне айналды.

— Табыс табасыз ба?

— Менің барлық шаруашылығым маған демеу болып отырғандықтан, әзірге тек өз ісімнен ләззат аламын. Жоңышқа ішінара сату үшін өсіріледі, ішінара қойларға жем базасы ретінде. Егіннің қалған бөлігі айтарлықтай шығындарға байланысты тек өзін-өзі ақтайды.

Қазір менде таңқурай мен бақшада үш адам тұрақты жұмыс істейді, егін жинау кезінде – күніне 30 адамға дейін істейді. Жоңышқада үнемі бір адам болады, сонымен қатар шөп шабу кезінде біз техниканы бөлек жалдаймыз. Қойларда үнемі фермада екі шопан бар, бірақ олар үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан, ісім дамыған сайын саладағы барлық жаңа проблемаларды өзім үшін анықтап келемін.

Мысалы, ауылдағы кадр мәселесін өз көзіммен көрдім. Үш-төрт жыл ішінде адамдар жұмыссыздық туралы тек зарлайтынын, ал іс жүзінде 200-250 мың жалақыға қызметкер табу мүмкін емес екеніне көз жеткіздім

Бұған тағы тамағы да кіретінін ескеріңіз. Бұл ақшаға олар үш-төрт ай жұмыс істейді де, кетеді. Көптеген адам жылдам ақша тапқысы келеді немесе қалада жұмыс істегенді ұнатады — күзет, клининг, вахтада. Негізінен, олар несие төлемі қысқанда немесе шопандардың өз қойлары бар, соған қосымша ретінде қарастырады. Сондықтан олар біз жалға алған жайылымда өзінің де, біздің де қойымызды бағады.

Ауылда сондай-ақ техникамен де үлкен проблема бар. Олар көп емес, ал барлық тіркемелері бар тракторларға кезек бірнеше айға созылған.

Сенікі болған — енді менікі

— Мемлекеттен субсидиялар мен басқа да көмек берілмей ме?

— Субсидиялар туралы айта алмаймын, өйткені алмаймын. Бір кездері осы бойынша ізденіп көрдім, бірақ қолымды бір сілтедім – фермер не ауыл шаруашылығымен айналысуы керек не субсидиялармен айналысуы керек. Бұл жүйе тым бюрократияланған. Бұл үшін жеке қызметкерді жалдау қажет болуы мүмкін.

— Қостанай облысындағы әріптестеріңіздің бірі билік кедергі келтірмейтіндігінің арқасында ғана дамуға көмектесетінін айтты. Бұл шынымен солай ма?

— Мәселе кедергі келтіруде емес.

Егер мемлекет түсінікті және болжамды ойын ережелерін қабылдаса, бұл көптеген мәселелерді шешеді. Бұл тек ауыл шаруашылығына ғана емес, кез-келген салаға қатысты

Мысалы, ол жерді егіншілікке береді де, еш араласпайды – әрине, біз оны заңдарды бұзбай қалай пайдалану керектігін өзіміз шешеміз.

Мен өз мысалымда айтайын. 2017-2018 жылдары жолдастарымызбен бастаған кезімізде мемлекеттен өзімізде қалған жерге қарағанда көбірек жер жалға алдық. Бірақ пандемия жылы бізден сот арқылы 130 гектар жерді тартып алды, оған біз жоңышқа мен жүгері егіп қойған едік. Жердің мемлекеттік актісін жойды. Мемлекет бұл жерді біз мақсатқа сай емес пайдаландық деп есептеді. Мемлекеттің өзі жерді дұрыс бөлмеген болса, біздің қатысымыз қанша деген сұрақтарға жауап берілмеді. Біз бұл жерлерді басып алмадық, біз жер билігі өз бұйрығымен бөлгендерін өңдедік. Бастапқыда басқа мақсатқа пайдаланылатын жерді бергені үшін біздің кінәміз жоқ.

Мен сот туралы тым кеш білдім — процесс қыста егістік жерлер пайдаланылмаған кезде өтті. Апелляцияға кешігіп бердім, енді оны басқа біреуге жалға берген. Ең қызығы,

менен жерді сот арқылы мақсатқа сай емес пайдаландың деп тартып алды, алайда қазір ол жерде дәл сол жағдай — олар біз отырғызған жоңышқаны шауып жатыр. Және олардан сұрау жоқ

Айтпақшы, Еңбекшіқазақ ауданы бойынша учаскелерден жеңілген 11 адамның ішінен жерді тек үш-төрт адамнан ғана тартып алды, қалғандары орнынан қозғалған жоқ. Мен кенттің де, ауданның да әкімдеріне бардым, маған қарастырамыз деп уәде береді, бірақ нәтижесінде ештеңе шешілмейді. Жақын арада прокуратураға жүгінетін шығармын.

Яғни, жер алқаптарын бөлу кезінде ашықтық қағидаты сақталмайды. Фермерлікке арналған бос жерлерді көруге болатын ашық дереккөздер жоқ. Жалғыз жолы — жеке меншік иесінен жерді өте қымбатқа сатып алу.

Ойынның түсінікті ережелері жоқ

— Ауылдардың айналасында иесі жоқ жер аз ба?

— Көп, бірақ сіз бұл жерге ешқашан жақындай алмайсыз, өйткені оның иесі бар және ол кім екені белгісіз. Міне, осыдан сұрақ туындайды, жердің иесі бар, ол оны мақсатына сай пайдаланбайды, бірақ неге оны тартып алмайсыздар? Және қай жерлер бос жатыр, сіз мұны еш жерден біле алмайсыз. Әйтеуір өзім біле алмадым.

Менің жағдайымда сот жерге бақша емес, жоңышқа еккенім үшін жерге мемлекеттік акт жойылды. Абсурд жағдай. Мұндай жағдай мүмкін деп те ойламаппын.

Біз учаскені мақсатына сай пайдаланбай жатқанымыз туралы ешқандай ескерту де болған жоқ. Бірден сотқа жіберді. Ал Жер кодексі бойынша олар алдымен бұзушылық туралы хабарлап, оны жоюға уақыт беруі керек

Жалпы, өз тәжірибеме сүйеніп, ауыл шаруашылығы саласындағы бірнеше мәселені атап өтер едім.

Біріншіден, бұл жерді бөлу кезінде ашықтық саясатының жоқтығы. Екіншіден, субсидия мәселесінің түсініксіздігі. Ол туралы бәрі айтады, бірақ қалай алу керегін ешкім білмейді. Немесе мен ештеңе түсінбейтін ақымақпын. Үшіншіден, фермерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі орган жоқ. Төртіншіден, нақты ойын ережелерінің болмауы.

— Жергілікті биліктің жиі ауысуы да проблема шығар?

— Егер ойынның нақты ережелері болса, мені тіпті биліктің жиі ауысуы мазаламайтын еді. Себебі заңды түрде бәрі түсінікті болса құжаттар мен экономика үшін алаңдамайсың. Бәрі де айқын болуы керек. Егер басың ауырса — 103-ке қоңырау шалыңыз, біреу ұрып кетсе — 102-ге. Ауыл шаруашылығында да осылай болуы керек.

— Мемлекет пен бизнестің мінсіз диалогын қалай елестетесіз?

— Әркім ойын ережелеріндегі өз рөлін білгенде. Мемлекет тарапынан осы ережелерді сақтау жеткілікті, кейбір жағдайларда — инфрақұрылым құру, және барлық адамдар үшін — рейдерліктен, алаяқтықтан, ұрлықтан кепілдендірілген қорғаныс жұмыс істеуі үшін қауіпсіз жұмыс шарттары. Басқа ештеңе қажет емес.

Ауылда қала сияқты емес, мүлдем басқа өмір. Ауыл тұрғындары билікпен алыстан сыйласады. Адамдар бәрін өздері жасай алады.

Қымбат өмірге үйренуіміз екіталай

— Қазіргі таңда ең танымал мәселе жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға белгілеумен байланысты. Неліктен бәрі соншалықты қымбат, жалақымыз олардың артынан өсіп үлгермейді де.

— Пандемия жылына оралайық. 2020-2021 жылдары Қазақстанда Қарақалпақстан, Тәжікстан және басқа да елдерден келетін еңбек мигранттарының саны аз болды. Фермерлер көбіне солардың еңбек күшін пайдаланатын. Олар жергілікті кадрлар сияқты көп ақша сұрамайды, бұл ретте олардың өнімділігі де жоғары.

Шартты түрде, пандемияға дейінгі уақытта көрші елдерден келген әйелдер бір килограмм таңқурай жинағаны үшін 250 теңге төлем алатын. Кешке дейін мүмкіндігінше көп жинау үшін олар таңертеңгі сағат 6-да жұмысқа кірісетін

Фермерлер жұмысшыларды тасымалдау мен түскі асты қамтамасыз етті. Сәйкесінше, таңқурайдың өзіндік құны бір килограмм үшін 250 теңге, жәшік үшін 50 теңге, суару үшін 75 теңге, жыл бойы қорғау үшін 50 теңге, тасымалдау үшін 50 теңге төлеу негізінде қалыптасты. Яғни, құны шартты түрде шамамен 600 теңгені құрады.

Әрі қарай, өнімді нарыққа жеткізгені үшін 600 теңгеге 50 теңге және фермерге бірдеңе табу үшін 50 теңге маржа қосамыз. Жалпы, таңқурай соңғы сатып алушыға өнім көлеміне байланысты нарықта 800-900 сатылды.

Пандемия басталған кезде мен 250 теңгеге егін жинайтын адамдарды таба алмадым. Өнімділігі әлдеқайда аз 450 теңгеге таптым. Бұл ретте негізгі шығыстар өзгеріссіз қалды. Яғни бағалар өсті, мен шартты түрде таңқурайды 1 200 теңгеден сата бастадым. Қызанақ пен қияр сатумен де дәл осы жағдай.

Осы кездері мемлекет бағаны қолмен реттеуге кірісті. Әкімдіктер базарларға кіріп, сатушыларды бағаны төмендетуге мәжбүрледі, өйткені «өткен жылы арзан болған»

Нәтижесінде не болды? Қос баға қалыптасты – рейдтер кезінде билік үшін бір баға, және сатып алушы үшін бір баға. Ал ірі нарықтар мемлекеттің қысымына байланысты фермерлерден өнімді неғұрлым жоғары бағамен сатып алуды тоқтатты. Бұл жағдайда кім шығынға ұшырау үшін жұмыс істейді?

Өзіңіз сатпайынша түсінбейсіз – өндіруші осынша үстеме баға қоса ма, әлде нарық келісіп бір баға ұстана ма? Шын мәнінде, біріншісі де, екіншісі де емес. Ауыл шаруашылығында артық пайда жоқ.

Мемлекет тарапынан соңғы сатып алушы арқылы бағаны бақылау үлкен қателік. Өндірушіге кел де, зауыттан сүт неге осыншалықты қымбат шығып жатқанын сұра. Неліктен ет фермадан қымбат шығады? Неліктен даладағы қызанақ қымбаттады? Сонда бағаның неге өсетіні белгілі болады.

Базарда баға келісімі жоқ, бұл қате түсінік. Елдің барлық нарығы үстеме пайда табу үшін бағаны бірден көтеруі мүмкін емес

Бірақ мен шағымданбаймын және болып жатқанның бәріне позитивпен қараймын. Маған бұл бизнес ұнайды және әзірге оны негізгі жұмыспен біріктіруге болады. Бәлкім болашақта мемлекет барлығына түсінікті жағдай жасайтын шығар, және біз ел ретінде өзімізді базалық қауіпсіздікпен – азық-түлікпен қамтамасыз ете аламыз.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

7 дней ago