Categories: Қоғам

Баян Алагөзова бұрынғы жолдасының мерзімінен бұрын босауына келісті

Сот шешімі Бақытбек Есентаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішті қанағаттандырды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Баян Алагөзованың бұрынғы жолдасы Бақытбек Есентаев әні-міне бостандыққа шыққалы отыр. Бүгін, 12 шілдеде, сот Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қарады. Бұған зардап шеккен Баян Алагөзова да келісім берген.

Сотталған адам мен оның қорғаушысы өтінішті толық қолдап, оны қанағаттандыруды сұрады. Зардап шеккен Баян Алагөзова мен оның өкілі де Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығуына келісті,

деп хабарлады Қапшағай қаласының соты.

Сот Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығуын қанағаттандыратын қаулы шығарды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сотталған Бақытбек Есентаев жаза өтеп жүрген уағында 11 рет марапатқа ие болған, бір рет жаза ретінде шығын өтеген.

Ол жазасының үштен екі бөлігін, яғни 6 жыл, 1 ай, 2 күнін өтеді және мінез-құлқының үшінші оң дәрежесі бар. Өзі жасаған қылмыстың қоғамға қаупін түсінеді және істеген ісіне өкінеді. Сот үкімімен 756 269 теңге өндірілген процессуал шығынды ерікті түрде өтеді,

делінді сотта.

Еске салайық, 2016 жылы жазда продюсер, актриса, тележүргізуші Баян Алагөзова пышақ жарақатын алып және соққыға жығылған күйде ауруханға түсті. Қылмыс жасаған күдікті ретінде оның (сол кездегі) күйеуі бизнесмен Бақытбек Есентаев ұсталды. Есентаевтар отбасы туралы даулы сот процесі 6 айға жуық уақытқа созылды. Ол қазақстандықтарды екі түрлі лагерьге бөлген ірі қоғамдық резонанс тудырды. Бірінші топ ер адамды жек көретінін ашық көрсетіп, оның барынша қатаң жазалануын талап етті. Қалғандары болған оқиғаға Баян Алагөзованың өзін кәнілады. Күйеуін сондай іске өзі жеткізді деп есептеді. Бақытбек Есентаевқа бірнеше бап қосындысы бойынша 12 жыл бас бостандығынан айырылу қаупі төнді. Дегенмен зардап шеккен әйелі сол кезде де жеңілдік жасады. Ол қылмыстық істі тоқтатуды сұраған.

Екі жақтың да адвокаты соттан шартты түрдегі жазаны сұрады. Нәтижесінде бизнесмен екі бап бойынша (Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері және Зорлау) ақталды, ал адам өлтіруге оқталу бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сол үшін ол қатаң режимдегі колонияда 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын Алматы облысындағы Заречный кентіндегі колонияда өтеген. Ол жерде ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған кісі өлтірушілер, есірткі сатушылар және басқа да қылмыскерлер бар. Бақытбек Есентаев бостандыққа 2025 жылы шығуы керек еді.

Баян Алагөзованың бұрынғы жолдасы жазасын өтеп жатқанда бұл жағдай туралы актрисадан көп рет сұралды. Ол Бақытбек Есентаевтың зұлым болмағанын, отау құрған 20 жыл актрисаның өміріндегі керемет жылдар болғанын айтатын.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

7 дней ago