Қазақстандық танымал спортшы, ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы Владимир Седовтың өлі күйінде табылғаны хабарланды.
35 жастағы спортшының мәйіті өзі тұратын үйде, Қаратал ауданындағы Достық ауылында табылды.
Денеден зорлық-зомбылық іздері табылмаған, туыстарының сөзінше, марқұм өзіне өзі қол салды.
Жетісу облысының полиция департаменті ҚР ҚК 105 бабымен сотқа дейінгі тергеуді бастады.
- Владимир Седов – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, төрт дүркін Қазақстан чемпионы.
- Пекин-2008 олимпиадасына қатысқан.
- «Құрмет» орденінің иегері.
- 2016 жылы допингпен ұсталып, спортшының 2008-2016 жылдардағы барлық титулдары тартып алынған.