Categories: Ғылым

Австралияда кенгурулардың көбеюі елді алаңдатып отыр

Кейбір сарапшылар аштықтан өліп қалмас үшін жануарларды атуды ұсынады.

Елде миллиондаған кенгуру өмір сүреді. Бұл қалталы жануар Австралияның жауһары болса да, тым көп популяция адамдарға да, өздеріне де қауіп төндіреді. Виктория штатының Үкіметі жануарлар ауыл шаруашылығына, мүлікке және тіршілік ету ортасына зиян тигізуі мүмкін екенін хабарлады. Кенгурулардың саны тым көп болса олар аштықтан қырыла бастауы мүмкін.

2016 және 2017 жылдары дәл осылай болған. Жаңбыр көп жауғандықтан өсім артып, демографиялық бум орын алған еді. Алайда, бұдан кейін құрғақшылық болып, кейбір аудандарда жануарлардың 80-90%-ы аштықтан өлді. Экологтар кенгуру тіпті дәретхана қағазын жегенін айтады.

Австралиялық кенгуру өндірушілер қауымдастығының атқарушы директорының айтуынша, қазір ел тағы да осындай проблемаға тап болуы мүмкін – соңғы жылдары ауа-райы тағы бір серпіліске жағдай жасады. Экологтардың айтуынша, кенгуруларды аштықтан құтқаруға көмектесетін жалғыз нәрсе – оларды атуды бастау. Бұл популяцияны төмен деңгейде ұстауға көмектеседі.

Виктория штатының Үкіметі тууды бақылау мен қоршау гуманистік және тиімді әдістер емес деп есептеді. Олар кенгурулардың әл-ауқатын бұзады, ал атыс кезінде жануарлар зардап шекпейді және тез өледі.

Үй жануарларын қорғаушылар атуды тек ақша табуды көздейтін қырғын деп атады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

6 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

6 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago