Categories: Әдебиет

«Кесек туындылар қажет»: Тоқаев Жазушылар одағына хат жолдады

Бүгін Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының XVI құрылтайы өтіп жатыр. Алдымен, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан  Қыдырәлі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жазушылар одағы — қазақ руханиятының қара шаңырағы. Ұлт зиялыларының басын қосқан бірегей құрылым. Шын мәнінде қазіргі замандағы қазақ әдебиеті қаламгерлерінің қарашаңырақ ордасын бөліп жару мүмкін емес. Ғасырға жуық тарихы бар ұйымда төл мәдениетіміздің дамуына ерекше еңбек сіңірген біртуар тұлғаларымыздың ізін жаңа толқын лайықты жалғастырып келеді. Әдебиет – ұлттың айнасы. Мұнда халқымыздың жан-дүниесі, болмысы толық толысқан,

делінген Тоқаев жолдаған хатта.

Оның айтуынша, ұлттың өсіп өркендеуі үшін ең алдымен әдебиеті дамуы керек. Төл әдебиетімізді заман талабына сай жаңғыртып, көкиежиегін кеңейту – маңызды міндет.

Осы орайда, адамзатқа ортақ мәселелерді көтерген кесек туындылардың қажет екені түсінікті. Мұндай шығармаларды дүниеге әкелуге ақын-жазушыларымыздың қарым-қабілеті әбден жетеді деп ойлаймын. Қалам – киелі құндылық. Сөз құдыреті халықты ыдырата да, біріктіре де алады. Біз жаһандану дәурінде жұтылып кетпей, ұлт ретінде сақталудың қамын ойлауымыз қажет. Сондықтан барша қаламгерлеріміздің бірлікті ту етіп, ел мүддесі жолында адал қызмет етуі маңызды,  

делінген хатта.

Айта кетейік, құрылтайға одаққа мүше 970 адамның 525-і келген.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

28 минут ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

24 часа ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 день ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 день ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago