Жамбыл облысында жолаушылар пойызы мен автокөлік соқтығысып, 6 адам қаза болды.
Қайғылы оқиға 1 қараша күні сағат 08.55 шамасында болған.
Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінен Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түскен. Көлік апатының салдарынан 6 адам қаза тапты.
Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды,
деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.
Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеп жатыр.