Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > Жемқорлық > ҚазҰУ-дың ұланғайыр жері Құлыбаевтың меншігіне өтіп кеткен – депутат Базарбек
Жемқорлық

ҚазҰУ-дың ұланғайыр жері Құлыбаевтың меншігіне өтіп кеткен – депутат Базарбек

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 06.12.2023
Обновлено 06.12.2023 в 05:12
Поделиться
Поделиться

Депутат Бақытжан Базарбек 2021 жылдан бастап ҚазҰУ жері, Алматының Іле-Алатау саябағының жері, таулары, алма бақтары жекенің қолына өтіп кеткенін айтады. Оның ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жері әлі күнге дейін қайтарылмай жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бүгін мәжіліс кулуарында журналистер депутатқа осы мәселе бойынша сұрақ қойған. Осыдан екі жыл бұрын «Бауыржан Байбек олигархтарға жер сатты, сол себепті ол қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек» деп мәлім еткен болатын.

Қандай да бір өзгерістер бар ма? Жер қайтарылды ма? Әлі де Байбекті сотқа шақыруды талап етесіз бе?

деп сұрады депутаттан.

Бақытжан Базарбек 2021 жылдан бастап ҚазҰУ жері, Алматының Іле-Алатау саябағының жері, таулары, алма бақтары жекенің қолына өтіп кеткенін айтады. Базарбек Парламентке дейін тәуелсіз заңгер ретінде осы мәселені көтерген.

Қажет десеңіз, 2022 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы департаментіне өз атымнан… 2018-2019 жылдары Бауыржан Байбек әкім болып тұрған кезде қаулы қабылдаған. 2017-2019 жылдар аралығында 8-ге жуық қаулы қабылдаған. Соның салдарынан ҚазҰУ жері, алма бақтары, таулы бөктердегі жерлер өтіп кеткен. Соған байланысты қылмыстық іс қозғау туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тиісті арызды жолдадым. Бірақ өкінішке қарай, ҚазҰУ жеріне байланысты Алматы қаласының антикор департаменті істі қозғаудан бас тартты,

дейді ол.

Арызында Базарбек «Бауыржан Байбектің үстінен» деп жазған. Себебі қаулыға Бауыржан Байбек қол қойған.

Бірақ нәтиже болған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматыдағы департаменті «ҚазҰУ жеріне байланысты ведомствоаралық комиссия құрылып жатыр, соның шеңберінде шешім қабылданады, сізді сол комиссияға шақырамыз» деді. Бір ай, екі ай, бес ай, бір жыл өтті. Ешкім мені шақырған жоқ. Шақырмағаннан кейін амалсыз 2022 жылы «Жер аманаты» республикалық комиссиясы аясында тексерісті ашуға тура келді,

дейді ол.

Депутаттың сөзінше, 2022 жылдың маусымында ҚазҰУ жеріне байланысты тексерісті ашуға арыз берген. Соның нәтижесінде жер ресурстарын басқару департаменті тексерісті ашып, заңбұзушылық анықталып, тиісті ұйғарым да шығарған.

Соның нәтижесінде төрт қаулыны заңсыз деп таныды. Содан кейін енді ҚазҰУ жері мемлекет меншігіне қайтарылуы керек қой!? Ол жер әлі қайтарылған жоқ. Себебі 2019 және 2020 жылы бұзылмаған үш қаулы бар. Соны қазір жер ресурстарын басқару департаменті бұзып жатыр. Сот қайтарып жатыр,

дейді ол.

«Алған олигархтың есімін атай аласыз ба?» деген сұраққа Базарбек Atlas development деген компанияның атын атады.

Оның құрылтайшылары – Динара және Тимур Құлыбаевтар. Соларға ҚазҰУ жері 2017 жылы қаулымен ҚазҰУ-дың бастапқы жер көлемі 74,2 га еді. Екі ортада 73,4-ке дейін қысқарып кеткен. Былайша айтқанда, жерді жан-жаққа бере берген ғой. 2010 жылы ҚазҰУ жері 80 га еді. Сөйтіп азая берген. Қазір 73,4 га-ға қысқарған,

дейді депутат.
ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 06.12.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?