Сот әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бұрын иеліктен шығарылған жерлерін қайтарды. Бұл туралы қаланың Жер ресурстарын басқару департаменті өкілі айтты.
Комитет Алматы әкімдігінің заңсыз Ұлттық университет территориясының бір бөлігін меншіктеуге жол бергенін нақтылады.
Алматының ауданаралық-экономикалық соты қаланың жер ресурстарын басқару департаменті мен «Omirex» ЖШС, «Atlas Development» ЖШС, ҚазҰУ өтінішін толық қарастырды. Арнайы қабылданған қаулыда сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қойылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген кезде заңсыз иеліктен шығарылған жер учаскесі университет қарамағына қайтарылады.
Бақытжан Базарбек өз сөзінде заңсыз қаулыға қол қойған шенеуніктерді жауапқа тартып, жазасын беру қажет екендігін де атап өтті.
Айта кетейік, жер қатынастары жөніндегі заңгер Бақытжан Базарбек Facebook-парақшасында осы мәміле нәтижесінде университет аумағы 0,779 гектарға қысқарғанын жазған еді.