Германияға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық жігіт қанша табыс тауып жүргенін көрсетті, деп хабарлады El.kz.
Германияда 1 миллион айлық алып, шығыннан бөлек қалтаға таза 500-600 мың теңге қалады деп айтатын бауырларға айтқым келіп тұрғаны: мен қаңтар айында 30 күн жұмыс істедім. Бұл жерде сағатына төлейтіндіктен бір айда қанша сағат жұмыс істесеңіз, сонша айлық шығады. Ешкімді алдамаймын, мен де сіздер секілді несие алып келгенмін,
дейді ол.
Өткен айда ол 30 күн үзіліссіз жұмыс істеп, барлығы ол 1,4 млн теңге табыс тапқанын көрсетті.