Categories: Қоғам

Қазақ билігі көлік заңдастыру үшін қауіпсіздікке көз жұмды

Өзінің бұрынғы заң-закондарына, регламенттеріне түкіре салды.

Үкімет ЕЭО-ға мүше емес елден келген машиналарды да тіркейді, деп жазады kolesa.kz.

Көлік заңдастыру туралы бұрынғы қаулыға өзгеріс еніп, 10 мамырда жаңа 356 нөмірлі құжат жарық көрді, ол он күннен кейін, 21 мамырда қолданысқа енеді.

Өзгеріс енген құжатқа сай көлік заңдастыруға «уәкілетті орган айқындаған өзге ақпараттандыру объектілері» (екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы және т.б. — Kolesa.kz) арқылы өтініш беруге болады әрі заңдастырған машинаны арнайы ХҚКО-да полицейлер тексереді.

Қаулыға «конструкторлар» жайлы жаңа 11-1 тармақ қосылады, онда былай деп жазылған:

«Егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елге (бұдан әрі — ЕЭО) келген көлік құралы кедендік тазартудан өтпесе әрі бұл көлік құралы ЕЭО-ға мүше елде есепте тұрмаса, Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін келсе және іздеуде жүрмесе, мұндай машинаны алғашқы тіркеу сомасы ретінде 200 000 теңге төлеп, есепке қоюға рұқсат етіледі, бірақ мұндай көлікті басқаға сатуға және Қазақстан аумағынан тыс жерге шығаруға болмайды. Көлік заңдастыру үшін мына құжаттар қажет:

  • өтініш;
  • ішкі істер органының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын тексеру актісі;
  • техникалық тексеріс операторы беріп, көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган техникалық тексеріс операторының реестріне енгізген міндетті техникалық тексерістен өткенін растайтын диагностикалық карта».

Қаулыда «конструктор» көліктер жайлы нақты ештеңе айтылмаған. Мұндай машиналар ЕЭО аумағына (негізінен Ресейге) қосалқы бөлшек ретінде кірген. Демек деректер базасында оларға көлік құралы ретінде кедендік алым төленгені жөнінде ақпарат жоқ. Қаулыға сай машина ЕЭО мемлекетінде есепте тұрмауы қажет. Ал «конструкторлар» Қазақстанда Ресей нөмірімен жүрген. Олар нөмірді Ресейде қалай алғанын құзырлы орган анықтауы қажет. Бірақ анығы сол, бәрінде нөмір бар. Сонда «автоконструкторды» қалай заңдастырады? Нөмір мен құжаттың көзін жойып, машинаның заңсыз келгеніне көз жұма қарай ма?

Тағы бір мәселе, «кедендік тазартудан өтпеген, ЕЭО-да тіркеуде жоқ» машиналар тізімінде Грузия, Моңғолия сияқты ЕЭО-ға мүше емес мемлекеттен келген техника да бар. Қаулы тек «конструктор» көліктерді ғана емес, елге алыс шетелден келген автомобильдерді де 200 000 теңгемен заңдастыруға мүмкіндік береді. Әрине, мұндай машинаны тек Қазақстан аумағында пайдалануға болады.

«Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент бойынша Көлік қауіпсіздігін растайтын куәлік алмай «конструктор» машинаны тіркеуге тыйым салынады. Бұл мемлекетаралық құжат болғандықтан, үкімет қаулысына қарағанда маңыздырақ. Бірақ Қазақстан билігі көлік заңдастыру үшін оны елеусіз қалдыратын сияқты.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

15 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

16 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago