Categories: Дін

Дінге қарсы қару: 1 мамыр мерекесінің тарихы қандай?

Бүгінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі мәңгі өшпейтін құндылықтарды дәріптейді. Дегенмен, атаулы датаның тарихына үңілсек, бұл күн бұрыннан жұмысшылардың халықаралық ынтымақтастығы күні болған. Ал КСРО-да Бірінші мамыр мерекесі пролетариаттың салтанат құруын ғана білдірмей, сонымен қатар, бұқараның санасын қайта құруға, ең алдымен, дінге қарсы күрес мақсатында белсенді қолданылды.

Жалпы, бұл мерекенің түп-тамырына оралсақ, оның мақсаты гуманистік болды: жұмыс күнін адам төзгісіз 15 сағаттан 8 сағатқа дейін қысқарту, жалақыны көтеру, жұмыс жағдайларын жақсарту. АҚШ-тағы алғашқы бірінші мамыр митингілерінде жұмысшылар дәл осындай талаптарды алға тартқан.

Ресей империясында жұмысшылардың ынтымақтастығы күні жылы қабылданды, әсіресе ол осы маусымдағы маевкалар дәстүріне сәйкес келді. Шын мәнінде, көктемгі маевкалардың өзі тез арада саяси жиналыстарға айнала бастады. Мәселен, XIX ғасырдың аяғынан бастап әр Бірінші мамырда ереуілдер мен митингілер, тіпті полициямен ашық қақтығыстар болды.

Әлбетте патша билігі бұл мерекеге тыйым салуға тырысқан. Сондықтан жас кеңес республикасы Бірінші мамырға үлкен мән берді: оны тойлау кеше ғана қатаң тыйым салынған жұмысшылардың ынтымақтастық күнін ашық атап өте алатын пролетариаттың жеңісін білдірді.

«Еуропада кезіп жүрген коммунизм елесінің, Ресейде жеңіске жеткен пролетариаттың қаупі әсерінен, (Еуропа) 25 жылдан астам уақыт бойы қол жеткізе алмай келе жатқан 8 сағаттық жұмыс күні бірден жүзеге асырылды», – деп жазды сол кезде «Бозбожник» газеті.

Бірақ, идеологиямен бірге жаңа табынушылық пайда болды және ол ескісімен, яғни дінмен бірге өмір сүргісі келмеді. Бұл тұрғыда, билік үшін жұмысшылар мерекесі таптырмас құрал болды.
Үлкен және белгілі бір деңгейде көне елдегі дүниетаным парадигмасын өзгертуді мақсат еткен большевиктер халықты шіркеу мерекелерінен және діни санадан арылтуға тырысты. Осылайша, күнтізбеде жақын орналасқан Бірінші мамыр мерекесі Пасхаға «дұрыс» балама ретінде белсенді насихаттала бастады.

1920-1930 жылдардағы дінге қарсы үгіт-насихаттың басты құралдарының бірі – жоғарыда аталған «Бозбожник» газеті мен «Бозбожник у станка» журналында Бірінші мамыр мерекесіне арналған әр шығарылымда Пасха үздіксіз сынға ұшырады.

Оқырмандарды дін, діни қызметкерлер, Пасха және Құдайдың өзі тек буржуазияға қызмет етеді деп сендірді. Ал оның қасында делегациялары Бірінші мамырда КСРО-ға келген АҚШ, Еуропа, Үндістан және Қытай жұмысшылары туралы жарқын мақалалар жарық көрді.

Ақпарат таратуда мұндай әдістер үнемі қолданылды. Мысалы, Екінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан 1941 жылғы 1 мамырда «Безбожник» басылымының соңғы сандарының бірінде шіркеу қақтығыс қоздырды деп айыпталды.

Әрине, бұл іс тек карикатура және плакаттармен шектелмеді. Әр сәуір мен мамыр айларында Библияның «ертегі» екені айтылды, діни қызметкерлер «контрреволюцияшылар» деп айыпталды, ал Пасханың өзін маскүнемдікпен, төбелеспен және тәртіпсіздікпен байланыстыруға барынша тырысты. Оған қарсы балама ретінде, әрине, Бірінші мамыр мерекесін дәріптеді.

Сондай-ақ «Безбожник» басылымы сол жылы 8-10 мамырға тұспа-тұс келген мұсылмандардың Құрбан айт мерекесін де сынға алды. Бірінші беттегі жазбада дәстүрлі құрбандық шалу рәсімінің «Құдайға пара берумен» тең екені айтылады. Оған қоса, мұсылман дінбасылары жұмысшылардың бастарына мініп алған деп айыпталда. Айтпақшы, газеттің бұл саны өте сирек кездеседі және қазір аукциондарда сәтті сатылуда.

Айта кетейік, «Безбожник» басылымы бірінші кезекте христиан дінін, ара-тұра иудаизм мен исламды, ал кейде буддизмді сынап жазды.

Дінге қарсы күрестің ең қайнаған шағы – 1931 жылға қарай «Безбожник» газетінің таралымы 500 мың данаға жетті. «Безбожник у станка» журналы 200 мың данамен таралды.

Жаппай үгіт-насихаттың арқасында бір жағынан, шын мәнінде идеологиялық материалист азаматтардың жаңа буыны тәрбиеленді. Ал екінші жағынан, адамдарды діни мерекелерді, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды ұмытуға мәжбүрлеу мүмкін болмай шықты. Құдайға деген сенім ақыры жеңді.
Осылайша, Ұлы Отан соғысының басталуымен дінге қарсы белсенді күреске нүкте қойылды: 1941 жылы «Безбожниктерді» басу тоқтатылды, жалпы, дінге қарсы үгіт-насихат әлсіреді.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

6 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

6 дней ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

6 дней ago