Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Қазақ билігі мұнайды Әзербайжан арқылы тасуға бата алмайды
Экономика

Қазақ билігі мұнайды Әзербайжан арқылы тасуға бата алмайды

Айдын Қайнарұлы
Айдын Қайнарұлы 15.08.2022
Обновлено 09.12.2023 в 12:12
Поделиться
Поделиться

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан Ресейді айналып өтетін Баку – Тбилиси – Жейхан мұнай құбыры арқылы 1,5 млн тонна мұнай экспорттауды жоспарлап отыр деген ақпаратты жоққа шығарды. Министр бұл сөзін 12 тамызда кешке Атыраудағы брифинг кезінде айтты.

Жұма күні күндіз Reuters агенттігі ұлттық «ҚазМұнайГаз» компаниясы күзден бастап Баку арқылы Жерорта теңізіндегі Жейхан портына тәулігіне 30 мың баррель мұнай жіберіп отыру үшін Әзербайжанның мемлекеттік SOCAR компаниясымен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлаған.

Агенттіктің хабарлауынша, Қазақстан 2023 жылы Әзербайжанның өзге құбыры арқылы Грузияның Қара теңізіндегі Супса портына 3,5 млн тонна мұнай экспорттауды да жоспарлап отыр.

Мен де сол жаңалықты оқыдым. Баку – Тбилиси – Жейхан құбыры арқылы мұнай тасымалдау жайлы қандай да бір келісімге қол қоямыз деп ойламаймын. Мұндай мәселелер ұлттық компаниялар деңгейінде қаралады, техникалық жағы талқыланады. Себебі осындай міндет тұр. Бірақ жаңалықта айтылғандай келісімге қол қою, қыркүйектен бастап мұнай тиеу жайлы әңгіме болып отырған жоқ,

деді Болат Ақшолақов.

Ол сонымен бірге Reuters айтқан Әзербайжан арқылы тасымалданады деп айтылған мұнай көлемі айтарлықтай көп емес екенін де жеткізді.

Бұл біздің экспорт бағыты мәселесін шешуге көмектесе алады деп санаудың өзі күлкілі. Біріншіден, ол бізді құтқара алмайды, өмірімізді жеңілдетпейді, екіншіден министрлікте мұндай келісімге қол қою жоспар жоқ,

деді министр.

Жұма күні «Қазмұнайгаздың» баспасөз қызметі Reuters ақпаратын растаған да жоқ, терістемеген де еді. SOCAR министрлікке түсініктеме беруден бас тартқан.

Ақшолақов жұма күні журналистерге берген жауабында «басты мақсат» – Каспий құбыр желісі консорциумының (КҚК) үздіксіз жұмыс істеуіне күш салу. Ол КҚК-ны мұнай тасымалдайтын негізгі және өте тиімді бағыт деп атаған.

Қазақстан мұнайының 80 пайызын тасымалдайтын Каспий құбыр желісі консорциумы жыл басынан бері бірнеше рет жұмысын тоқтатқан.

Биыл наурызда құбыр консорциумының Ресейдің Новоросийск қаласы түбіндегі теңіз портында мұнай тасымалдайтын екі қондырғысы істен шығып, жұмысын ішінара тоқтатқан. Тек мамырдың соңында қалпына келгені хабарланды. Ресми түсіндіру бойынша, оған теңіз дауылы себеп болған. Алайда наурыз айында немістің Handelsblatt басылымы зерттеу жариялап, Ресей Қазақстан мұнайының Еуропа нарығына шығуына қасақана бөгет келтірген деген тұжырым жасаған.

Шілде айында Новороссийск соты «экология ережелерінің бұзылуына байланысты» құбыр желісінің жұмысын 30 күнге тоқтатқан еді. Кейін апелляциялық инстанция шешімді өзгертіп, консорциумға 200 мың рубль көлемінде айыппұл салды.

Сарапшылар КҚК желісіндегі ақауларды Мәскеудің Украинадағы соғысты қолдамаған Нұр-Сұлтанға қысымы деп бағалаған.

Каспий құбыр желісі консорциумының жұмысы тоқтатылатыны жайлы ақпарат шыққаннан кейін 7 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай тасымалдауды диверсификациялауды маңызды міндет деп атаған. Осыған орай ол Транскаспий бағытына басымдық беруді тапсырған.

ТЕГи: Геосаясат, Главное, Экономика
Айдын Қайнарұлы 15.08.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?