Categories: Саясат

Қазақ билігінің не істегелі жүргені түсініксіз

Инновациялық экономика институтының сарапшысы, Қазақ ұлттық университетінің профессоры Магбат Спанов «осы төрт жыл ішінде елімізде тек болашаққа жоспар құрып қана келеді» деп атап өтті.

Мен экономикада нақты жоспарлар мен нәтижелерді көріп тұрған жоқпын. Жұртшылықтың қысымымен жасалатын шағын саяси өзгерістер бар, бірақ олар жүйесіз және тиімсіз жасалуда. Мен үшін, саяси экономист ретінде, әрқашан істің түп негізі  маңызды. Әзірше бұл жоқ. Қазақстанның одан әрі дамуының көрінісі және түптеп келгенде биліктің не істегелі жатқаны да түсініксіз.

Өз басым қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан реформаларға қуанбаймын. Айқын мысал ретінде премьер-министрдің тағайындалуын айтайық. Негізінен мұндай қызметке өзіндік бағдарламасы бар, жүйенің мықты және әлсіз жақтарын түсінетін, жағдайды тиімді басқару құралдарын білетін адам баруы керек.

Бірақ іс жүзінде премьер-министр келеді және өрт сөндіру тобы секілді жекелеген салалардағы проблемаларды шеше бастайды: ЖЖМ, жарылыстар, Қордай дағдарысы, 2022 жылғы қаңтар, картоп, қант және пияз бағасы. Дағдарыстың пайда болу себептерімен емес, оның салдарымен күрес жүріп жатыр.

Қазір билік партиясы үнемі президент әкімшілігіне жалтақтап отыратын жетекшіні тағайындайды. Тағайындалған шенеуніктің ешқандай әрекет жоспары жоқ және болуы да мүмкін емес, өйткені ол не квота бойынша келеді, не кадрлық резервтен тағайындалады.

Сәйкесінше, адамның нақты саяси күресте ешқандай тәжірибесі жоқ. Сондықтан біз қазір 90-шы жылдардың басында болған нәрсеге тап болып отырмыз.

«Үкімет басқа планетада тұрады»

2000 жылдардың басында ғана біз ел экономикасын дамытудың әдемі бағдарламаларын жазған мемлекеттік органдарға таң қалатын едік. Қазіргі билік, менің ойымша, шындықтан мүлдем алшақтап кетті. Мұны мен көптеген министрліктер мен ведомстволар басшыларында экономиканың нақты секторында – фабрикаларда, зауыттарда, өндірістік ЖШС-терде жұмыс істеу тәжірибесінің жоқтығымен байланыстырамын. Мен үшін ең басты көрсеткіш – кедейлер санының артуы. Макроэкономикада шын мәнінде ештеңе жасалған емес және жасалып та жатқан жоқ.

Негізгі мәселе – жүйенің беріктігі таусылып жатыр. Парламент сайлауынан кейінгі жарты жылда өзгеріс болмаса, елде шиеленісті жағдайлар қайталанатыны әбден мүмкін.

Басшылардың қазіргі буыны халықпен тіл табыса алмайды, белгілі бір шаралардың не үшін қажет екенін түсіндіре алмайды. Иә, тағы да қайталап айтамын, соңғы он жылда басқару деңгейі құлдырап барады. Бұл бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан да байқалады. Бұл мемлекеттік қызмет саласындағы реформаларға тікелей қатысты.

Уәде мен іс

2012 жылы біз бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірдік, бірақ қазір одан бетер төмендеп бара жатырмыз және сол алғашқы елуге қайта кіре алмай отырмыз. Біз бір орында тұрмыз, бізді «шыдай тұрайық, ертең бәрі жақсы болады» деген уәделерге тойдырып келеді.

Мен тәуелсіздік жылдарын айтып отырған жоқпын, мен 1917 жылдан – алғашқы уәделер жылынан бастап есеп жүргізіп келемін. Содан бері бізге, қазақстандықтарға, жақсы өмір уәде етіліп келеді. 90-жылдары біз «КСРО ыдырағаннан кейінгі дағдарыстан» шыға алдық. Ол кезде Гарвард немесе Оксфордты бітірген мамандар да болған жоқ.

Жай ғана Отаныңды, халқыңды сүйіп, адал еңбек ету керек. Сонда халық та мұндай басшыларды қолдайды. Егер біз осы үш постулатты ұстанатын болсақ, біз алға жылжимыз.

Дереккөз: ААО (ia-centr.ru)

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

18 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago