Categories: Оқиға

Асылып өлген шекарашы: адвокат тергеумен келіспейді

Тараз ӘТБ-ның Оңтүстік өңірі бойынша тергеушісі екі сот сараптамасының қорытындысына күмән келтіріп, оны маманның жауабымен жоққа шығарғысы келеді.

2022 жылдың 19 тамызында Жамбыл облысындағы Шөлдала шекара заставасында әріптесінің белдігіне асылып қалған сарбаздың өз-өзіне қол жұмсауына сексуалдық зорлық-зомбылық себеп болды деген нұсқа тергеуге әуел бастан ұнамаған еді.

Әскердегі әлімжеттік

Марқұмның аузынан және киімінен бірнеше ер адамның шәуеті табылғанын анықтаған екі сараптамадан кейін, оның қайдан келгенін анықтамастан бұрын, тергеуші істі сотқа беруге дайындалып жатқан. Ал ондағы жалғыз күдікті – қайғылы оқиға болған бөлімнің командирі. Айтуынша, ол өзінің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, сарбазды өлімге итермелеген – төтенше жағдай қарсаңында марқұм басқа әскерилермен бірге бөлімшеде ішімдік ішіп, басшылықтың қолына түсіп қалған деседі. Ең қызығы, сарапшылар марқұмнан күдіктінің шәуетін тапқан жоқ.

2023 жылдың 20 қаңтарында күдіктінің адвокаты Сержан Пралиев Алматыда резонанс тудырған баспасөз мәслихатын өткізген, ол Тараздағы трагедия шала-шарпы тексеріліп жатқанын және тергеудің 18 жасар сарбазды өлер алдында тұқымдық сұйықтықпен «былғағандарды» анықтауға асықпайтынын айтты.

Оның екі «иесі» тергеуге белгілі және іс бойынша куәгер болып табылады, бірақ кем дегенде тағы үшеуі әлі анықталған жоқ.

Пралиевтің мәлімдемелері үлкен шу тудырды – оның өзі адвокаттық этиканы бұзғаны үшін Әділет министрлігінің «санкциясына» түсіп кете жаздады, есесіне тергеу қайта жанданды. Қаңтар және ақпан айларында суицид кезінде бөлімшеде болған 130 адамға қатысты молекулярлық-генетикалық сараптама тағайындалды. Олардың нәтижелері әлі дайын емес.

Марқұм болған жігіттің денесінде бес еркектің шәуеті қайдан шықты? Бөлімшедегі сарбаздар кешінде не болды? Бұл сұрақтар Пралиевтен басқа ешкімді мазаламайтын секілді.

Тергеу әлі жүргізілуде…

Өйткені наурыз айының басында шекара заставасындағы қайғылы оқиғада сексуалды зорлық-зомбылықты байқағысы келмеген тергеуші жаңа қаулы шығарды – жүйелі түрде сот-биологиялық және молекулалық-генетикалық зерттеулер жүргізу үшін бұл іске басқа бір маманды шақыру керек деді. Тергеушінің айтуынша, қазіргі қолда бар сараптамалар күмән тудырады, өйткені марқұмның аузынан және киімінен табылған простата-спецификалық антиген шәуеттен басқа қанда, сілекейде, тер мен зәрде болуы мүмкін.

Бұл расында да солай, бірақ сараптамада сарапшы-биолог бұл антигеннің тұқымдық сұйықтыққа тән концентрацияда табылғанын нақты көрсетті. Басқа қандай күмән болуы мүмкін?

Мен бұл қаулыға қарсы Оңтүстік өңірдің әскери прокурорына шағым түсірдім. Мен бұл құжатты заңсыз деп санаймын, өйткені маман сот сарапшыларының жұмысын бағалай алмайды. Менің пікірім – мұның бәрі тергеуді бұрмалап, шатастырып жіберу үшін жасалып жатыр, тіпті бірнеше сот сараптамаларымен анықталып, дәлелденген айқын және нақты фактілерге күмән келтірілуде.

Егер тергеуші бұл құжаттарға сенбесе, басқа облыстың мамандарын тарта отырып, екінші рет сот-биологиялық сараптама тағайындасын. Бірақ маман заттай дәлелдемелермен ешқандай манипуляция жасай алмайды және сарапшылардың объективтілігі туралы қорытынды бере алмайды,

дейді Сержан Пралиев.

Сірә, тергеу жазықсыз адамның алты айдан астам уақыт бойы қамауда отырғаны анықталып қалмас үшін бірнеше шекарашының қатысуымен болған сарбаздың өліміндегі сексуалдық әрекеттерді қалай да жоққа шығаруға тырысуда.

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago