Шетел басылымына шолу

Рамзан Қадыров 18 жастағы ұлын министр етіп қойды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы – Ахмат Қадыров республиканың жастары ісі жөніндегі министрі болып тағайындалды. Оған сонымен бірге Қадыров атындағы орден табысталған.

Бұл жөнінде Кавказ. Реалий басылымы хабарлады, деп жазады masa.media

Тағайындау туралы ресми түрде хабарланбады, алайда республика үкіметінің жетекшісі Магомед Даудов марапаттау туралы жазбасында жаңа қызметін атап өткен. Ол Қадыровтың ұлы «кез келген тапсырманы жоғары деңгейге орындайды» деп жазған, алайда нақты қандай еңбегі үшін марапаттағанын түсіндірмеген.

Бұған дейін Ахмат Кадыров спорт және жастар саясаты министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған, ол бұл қызметке кәмелет жасқа толғаннан кейін тағайындалған. 

2023 жылы Ахмат Қадыров әкесінің көмекшісі атанды, билікшіл «Движение первых» бөлімінің жетекшісі болды. Көктемде жасөспірімді Ресей президенті Владимир Путин Кремльде қабылдаған. 

Шешенстанда Рамзан Қадыровтың шамамен жүз шақты туысы — балалары, әпке-қарындастары, күйеубалалары, бауырлары түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметтерде отыр.

Рамзан Қадыровтың жақын туыстары мемлекеттік қызметтерге тағайындалып, мемлекеттік марапаттарға жиі ие болады. Былтыр Шешенстан басшысының 15 жастағы ұлы Шешенстан қаһарманы орденімен марапатталды. Бұған қоса, Татарстанның «Достық», «Қарашай-Шеркес республикасына сіңірген еңбегі үшін», «Республикаға сіңірген еңбегі үшін» ордендерімен марапатталды. Шешенстан басшысының 26 жастағы жиен інісі Хамзат Кадыров республика қаһарманы атағына ие болды.  

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

2 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago