Білім

Қазақ еліндегі жаңа орыс мектептері жақсы нәтиже көрсетіпті

Орысша айтысатын Балғынбекке жаңа шанс берілді.

«Жаңа орыс мектептерін аштық». Россотрудничествоның ойынша биыл олар Қазақстанда жақсы нәтижеге жеткен.

Ресейдің жұмсақ күші болып саналатын Россотрудничество биылғы жылдың есебін дайындай бастады. Есептің Қазақстанға қатысты тарауы ауқымды болып шықты. Онда Россотрудничество Қазақстанның оңтүстігінде ашылатын үш орыс мектебін өзінің жетістігіне жатқызған, деп жазды Dala Inside дереккөзі.

Россотрудничество статистикасы орыс мектептерінің саны бойынша Қазақстанның Орталық Азияның барлық мемлекеттері арасында көш бастап тұрғанын көрсетеді. 2023 жылы Қазақстанда орыс тілінде оқытатын мектептер саны 3606 болса, көрші Өзбекстанда 1 мыңнан астам, Қырғызстанда 751, Тәжікстанда 200, Түркіменстанда 71 мектеп болған.

Қазақстанда биыл 339 880 оқушы бірінші сыныпқа барды. Оның 70,7 пайызы қазақ тілін, қалғаны орыс тілін таңдаған.

Қаймана қазақтың ордасы — Оңтүстік Қазақстанда үш орыс мектебін ашу арқылы Ресей осы аймақтың мүлде орыс тілінен айрылып қалу қаупімен күреспек. Осы үш мектепке Россотрудничество қаржыны аямайтын болады.

Одан бөлек, қазақ халқының орыс тіліне деген қызығушылығын арттыру үшін келесі жылы Россотрудничество орысша айтыс ұйымдастыруды қолға алмақ. Яғни, домбырасын күйлеткен қазақ ақындары мүшайрада орысша айтысуы тиіс. Оған демеушілік ету «Роснефть» басшысы, атынан ат үркетін суперолигарх Игорь Сечинге табысталады.

Алғашқы Гран-приге 1 миллион доллар, ал екінші, үшінші орынға коттедждер, 4-5 орындарға Лексус автокөліктері, 6-10 орындарға 20 миллион теңгеден қою ойда бар.

Мұндай жүлделер қойылса, Балғынбек бастаған ақындар орыс тілін Пушкиннен артық меңгеріп алары сөзсіз. Орысша айтыс тікелей эфирден көрсетіледі деп жоспарлануда.

«Я руски знаю қарачо… Мне нужен Лексус, да ты че

деген шедеврлерді тыңдайтын күн де алыс емес сияқты.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago