Оқиға

Ерлан Көкеев Түркияда адам қағып, қашып кетті – журналист

Аланияда қазақ әншісі, «АБК» тобының экс-мүшесі Ерлан Көкеевке іздеу салынды. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды El.kz.

Бұл жайлы маған Лера (видеодағы) жазда Анталияға барғанымда айтқан еді. Содан бері Ерланға (Көкеев) 2-3 рет хабарластым. Көмекшісі алды, жол апаты жайлы білмейтінін айтты. Ерланға бәрін жеткіздім деді, Көкеев ләм-мим. Оқиға былай, Лера 26 жылдан бері Түркияда тұрады. Жылжымайтын мүлік сатып, жалға көлік берумен айналысады. Теңіз жағалауындағы шаһарға Қазақстандық әншілер легі аттанғанда жарнамалық ұсыныспен Көкеевпен танысады. “Қасында жұбайы, жанында 5-6 баласы бар екен, үлгілі әке ретінде көрдім” дейді Лера. Былтыр әнші Лерадан жалға көлік алады. Отбасы, бала-шағасымен бір шараға барып, мас күйінде мото жүргізушіні қағып кетеді. Есі шыққан Ерлан Лерадан көмек сұрайды, ол таныстарын әкеп, сақтандыру төлеп, Ерекеңді кепілге шығарып алады,

деп жазды Гүлмира Әбіқай Facebook парақшасында.

Жапа шеккен Түркия азаматы, жас жігіт ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіледі. Алайда денсаулығы оңалмай, қазір мүгедек болып қалған.

Түркия заңы бойынша, жол-көлік оқиғасының барлық шығынын рульдегі жүргізуші емес, көлік рәсімделген иесі көтереді. “Көлік пен медициналық сақтандыру, кепіл ақысы мен сот отырысының шығыны 34 мың € болды. Оны өтегенше Ерлан мен әйелі жанымнан шықпай, өлердегі сөздерін айтып, арашалауын өтінді. Алғашқы шығындарды өтеген соң Көкеев көлеңкесін көрсетпей кетті” деп назын білдірді Лера. Басында телефонын алмай, кейін Лераның нөмірін мүлдем бұғаттап, өзі Қазақстанға тайып тұрса керек. Қазір бүкіл Алания АБК-ң экс әншісін шарқ ұрып іздеп жүр,

деп жазды журналист.
Арман Ерғалиев

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

6 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago