Бүкіл Қазақстан жеңісті тойлап, қазақ елі үшін қуанып жатқанда, сол баяғы Қуат Хамитов, аралас жекпе-жек «жұлдызы» футболшыларды жерден алып, жерге салды.
Жігіттер, сендер не істеп, кімді және қалай жеңсеңдер де, азаппен келген ақшаны ешқашан қайтара алмайсыңдар. Күндіз-түні ауыр жұмыста жүріп, сендерге берілген ақшаны өтей алмайсыңдар! Сендерге қарапайым адамдардың миллиардтаған теңгесі кетті. Бірақ сендерде әлі де мүмкіндік бар. Әлем немесе Еуропа чемпионы болыңдар, сонда осы жылдар бойы азап шеккен халықтың маңдай терін өтей аласыңдар. Сол кезде құрметтеуге болады.
Ал әзірге мен үшін сендердің футболдарың жай ғана ауа. Осымен бұл тақырыпты жабайық,
деп жазды спортшы.
Жеңсек те, жеңілсек те, Қазақстанның басқа футболшылары жоқ. Енді ғана еңсемізді көтеріп келеміз. Жігіттер барын салып керемет ойын көрсетті.
Хамиитовтың бұл жазбасы желіде талқыланып жатыр:
- Мен Қуат сияқты адамның жастарға үлгі болғанын қаламаймын. Бірі дөрекілік танытып, тіл тигізеді, екіншісі қызға қол көтереді. Балаларымның футбол көріп, гол соққанды тапашалағаны жақсы.
- Ставкасы өтпей қалған шығар.
- Мынаны ренжіткен кім?
