Осы жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстанның шикі мұнайы Әзірбайжан құбыры арқылы экспортқа шығарылады.
Күз мезгілі басталысымен қазақ өзінің шикі мұнайының бір бөлігін Әзірбайжан құбыры арқылы сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Reuters.
«Қыркүйек айынан бастап Қазақстан шикізат сатылымын Әзірбайжанның ең ірі мұнай құбыры арқылы жасауды жоспарлап отыр. Ресей жеткізу бағыттарын жабамыз деп сес танытқан соң, Қазақстан баламасын іздеуге кірісті»,- делінген хабарламада.
Мәселе «ҚазМұнайГаз» бен Әзірбайжанның мемлекеттік мұнай компаниясының сауда бөлімшесімен (SOCAR) болған келіссөз жайлы. Олар Баку-Тбилиси-Джейхан бағытымен мұнай құбыры арқылы жылына 1,5 миллион тонна Қазақстан мұнайын сатуға рұқсат алу мәселесін пысықтап жатыр.
Басқа нұсқасы да бар. Грузияның Қара теңіз Супса портына Әзірбайжанның басқа құбыры арқылы 3,5 млн тонна отандық мұнайды тасымалдауға болады. Жоспар 2023 жылы іске асуы мүмкін.
Әлемдік нарықтағы Қазақстанның мұнай жеткізілімі 1 пайыздан асады. Немесе тәулігіне шамамен 1,4 миллион баррельді құрайды. 20 жыл бойы шикізат КТК құбыры арқылы Ресейдің Қара теңіз порты Новороссийскке жеткізіліп, әлемдік нарыққа шығуды қамтамасыз етіп отырған.