«Қазақмыс» компаниясына қарасты кеніште екі жұмысшы қаза болды.
Қайғылы оқиға 27 қарашада Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде тау-кен жұмыстарын атқару кезінде болған.
«Қазақмыс» компаниясы «Жайсаң» кенішінде болған оқиғаны растап, «жазатайым оқиға» деп бағалаған және өлгендердің туыстарына көңіл айтқан.
Компания мәліметіне қарағанда тау-кен жұмыстары кезінде Ғ. Омаров атындағы шахта трестінің 1981 және 2002 жылғы екі жұмысшысы жараланып, қаза болған.
«Қазақмыс» баспасөз қызметінің арнайы комиссия оқиғаның жай-жапсарын анықтайтынын жазған.
«Қазақмыс» қараша айында Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасы мен №2 Жезқазған кен-байыту фабрикасында екі жұмысшы қаза болғанын хабарлаған болатын.