Ер адам пышақ жарақатынан көз жұмған.
Ұлытаудағы «Қазақмыс» кенішінен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық ПД-ның баспасөз қызметі айтты.

Ведомствоның мәлімдеуінше, пышақ жарақатынан көз жұмған ер адамның мәйіті «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Жомарт» кенішінен табылды. Көз жұмған азамат Өскеменнен іс-сапарға жіберілген Омаров атындағы шахта үңгілеу трестінің қызметкері болған. «Жомарт» кеніші Жезқазғаннан 300 км қашықтықта орналасқан.
17 қарашада Қазақмыс корпорациясының аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл факт ҚР ҚК «Кісі өлтіру» 99-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдікті адамдарды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтауда,
делінген хабарламада.