«Қазақмыс» компаниясы компанияның бір бөлігін ресейліктерге сату туралы ақпаратқа қатысты жауап берді.
Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Қазақмыс» компаниясының іскерлік беделіне нұқсан келтіретін арандатушылық материалдар пайда бола бастады. Бұл жағымсыз ақпараттың еш негізі жоқ және тек компания басшылығының беделін түсіруге және қазақстандық қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған. Қазақмыс компаниялар тобы әрқашан қазақстандық холдинг болды және болып қала береді,
делінген компания хабарламасында.
Оған қоса олар компанияның қазіргі бас директоры Олег Копытовқа қатысты пікірін де айтты.
Мәселен, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің бас директоры қызметіне жақында ғана тағайындалған Олег Копытов өз ісінің нағыз кәсіби маманы. Оның тау-кен саласындағы еңбек өтілі 22 жыл, ал ол біздің компанияда 2009 жылдан бері жұмыс істейді,
деді компания өкілдері.