Categories: Маңызды

Қазақ неге азғынданып барады

Азғынданған қоғамның соңы тұтас ұлттың жойылуына әкеліп соғады. Әлеуметтік желіде «Рухани деградация» немесе «Қазақ неге азғынданып барады?» атты жазба жарияланды.

Әскердегі айтуға ауыз бармайтын азғындықтың салдары жас солдаттың өліміне әкелді. Соңғы жылдары әскери салада суицидтің тым өршіп бара жатқаны Үкіметтегі шенеуніктерді ойландырмай ма?

Біздің мемлекет пен билікке азғындар керек пе? Қазақстандық әскери сала қашан модернизацияланады? Қорғайды деген Қорғаныс саласы ұлдарымызды қорлап жатыр. Әлде деградацияға ұшыраған ұлт Үкімет үшін тиімді ме? Неге мен осындай азғын қоғамда өмір сүруім керек?

Жазбасының жалғасында автор «Қазақтың қазіргі тргедиясына» бас ауыртады.

«Қазақтың трагедиясы» қашан басталды? Арыға бармай, 1986 жылы желтоқсан оқиғасы кезінде қаншама қазақ жастары желтоқсанның ызғарында қаза тауып, түрмеде өмірі қиылған қазақ жастарының қанының ақысын кім өтеді? Қазақ қыздарының шаштарын жұлып, мұзға сорғалатқан көз жасын сұраған жан бар ма? Соңғы болған Қанды қаңтардың қасіреті мен қыршынсыз қиылған қазақтардың құнын біз кімнен сұраймыз? Қазақ қоғамының трагедиядан қашан көзі ашылады?

Орыстың жазушысы М.И. Веллер «Ұлттың деградацияға ұшырауын» бірнеше түрге бөліп, соның ішіне бір жыныстылар арасындағы байланыс, қылмыс, протест пен дегенерацияның ұлттардың «өлуіне» алып келеді деген.

Біз тәуелсіз мемлекет болдық деп мақтанамыз. Еркіндік алдық, бейбіт елде өмір сүреміз деп арқаны кеңге созып жіберген жоқпыз ба? Еркіндік дегеніміз азғындық па?

Әскери саланы модернизация жасаймыз деп доктрина жасаумен шектелді ме? Яғни, айсбергтің үстін ғана сипап өтіп, түп-тұқияндағы мәселелерге назар салынды ма? Қорғаныс саласындағы сыбайлас жемқорлықтың тағы да орын алғанын бүгін оқыдық.

Мен ана ретінде, адам ретінде бұл азғындықты тоқтатуын Сізден сұраймын, Президент мырза!

Біз қалай дені сау деградацияға ұшырамаған ұлт боламыз, егерде күн сайын суицид жайлы ақпарат алып, азғындардың көбеюіне көз жұмып қарап отырсақ?!

Ертең менің ұлым мен қызымның сау жүретініне кім кепіл бере алады? Құрметті Президент мырза, біздің болашағымыздың бұлыңғыр болмауына Сіз гарант бола аласыз ба? Әлде бізде әскери саланы модернизациялау доктрина жазумен шектеле ме? Біз қарапайым халық референдумға қатысып, ар-ожданымыз тапталмаған, әділ қоғамда дұрыс өмір сүру үшін дауыс бердік… Алайда бүгінгідей азғындықтың алдын алмаса, біз үмітіміз, көзіміздің нұры болған ұлдарымыздан бейбіт күнде айырыла береміз… Тоқсан ауыз сөздің тобықтай нүктесін Тоқаев мырза, Сіз қойыңыз…

деп жазды журналист Салтанат Әшірбай.

Автордың жазбасына пікір білдіріп, қолдағандар да өткір позицияларын жеткізді.

Күлтегін жазуында, елді тексіздер билесе халық азғындыққа, тексіздікке ұрынатындығы, тектілер билік құрса елдің гүлденетіні қашалып жазылған. Бұл азғындықтың басы ғана, себебі тектілер билікке келмек түгілі маңайында жоқ. Елді дым көрмегендер билеуде.

Ақшаның астында, бірақ аузы майланбағандар… Құлды қанша жерден Оксфорд, Кэмбридждермен тәрбиелегеніңмен әдепсіз, көргенсіздігі бір ауыз сөзі мен қылбың қылығы білдірер. Момышұлы айтқандай, аман қалу үшін құрттаған етіңді жарасымен қоса кесіп алып тастауың керек айығып кетуің үшін, болмаса әлгі жара бүткіл денеңе жайылады. Мына әндүктерден масқаризмді тоқтату үшін есті іс әрекет жасамақ тірліктерін көріп тұрғаным жоқ.

Бізге ұлттық мемлекет ретінде сақталып қалуымыз үшін деколонизациялық бағытқа көшуіміз керек , отаршылдық кезеңдердегі кіріптарлықты дәріптегендер мен сыртқы диструктивті діни уағыздарды шектеп , ежелгі ұрпақ тәрбиесін бойларына сіңіру арқылы , бес мың жылғы тарихымызды қазақ болмысы ретінде дәріптеуге көшуіміз керек , қазақтың азғындық деградацияға ұшырауы Арап, Иран , Пәкістан , Батыс , Ресей ,Шығыс көршілердің идеологиялық интервенциясына қатты соққы беретін қатаң тәртіп енгізген жөн , ішімізден немқұрайлылық пен масылдыққа, алаяқтық пен жемқорлыққа бой ұрған ортаның ықпалын әлсірету арқылы ,ғылым мен білім , Отан сүйгіштікке бет бұрғанымыз жөн!

Бұл тек жарияланған бір жағдай, соңғы жылдары қаншама жас жігіттің мүрдесі келді әскерден? Барлығы осындай түрлі айуандықтың, қорлық, зорлық, бопсалаудың кесірінен болған. 2022 жылдың өзінде он шақты сарбаз өлді. Біздің қоғам болса, қазіргі балалар “дұрыс” жігітше тәрбиеленбеген деп жығылғанға жұдырық боп жүр әлі де.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago