Categories: Қоғам

«Сюцай» мектебі халықтың санасын улап жатыр

Белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Қасым-Жомарт Тоқаевтан «Сюцай» мектебін тексеруді сұрады. Айтуынша, оның негізін қалаушы Жанат Қожамжаров халықтың санасын улап жатыр.

Қазақстанда Қожамжаров Жанат деген азамат өзін «бақсы» деп жариялап, «Сюцай» атты деген жалған ғылым, секта ашып халықтың санасын улап жатыр. 6000-нан астам «Сюцай» шеберін оқытып, сертификат берді. Енді ол «шеберлердің» әрқайсысы курс ашып, сектаның қызметін ары қарай дамытып жатыр. Заң бұзуышылықпен айналысқандықтан, Қазақстанға келе алмайды. Сол себепті тренингтерін Дубайда, Түркияда, Қырғызстанда өткізуде.

Сюцай шебері болып, мол ақша табасың, байлыққа кенелесің деген жарнамаға сенгендер сектаның 5 күндік (1 000 000 теңге) сабағына банктерден несие алып оқып жатыр. Сабақ барысында Жанат Қожамжаров әйел адамдарды шешіндіріп, арқаларын ыстық сумен күйдіріп, еркектерді кір жерге жатқызып табанымен таптайды екен. Онымен қоса, түрлі былапыт, боқтық сөздерді қардай боратады. Ол «Сюцай дети», «Сюцай молодость» деген тренингтер ашып, енді жастардың санасын улауға дайындалып жатыр.

Құрметті Президент! Егер де бұл сектаның жұмысын тоқтатпасақ, арты жақсылыққа әкелмейді. Бүгінгі күннің өзінде әр қалада Сюцайдың бірнеше клубы, бөлімшесі бар. Олар күн сайын түрлі тренингтер өткізеді. Осы сектаның жұмысын тексеруге құзырлы мекемелерге нұсқау беріп, бұл індетті тоқтатуыңызды сұраймыз,

деді ол.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago