Categories: Қоғам

Қазақ неге қоян жылынан қорқады?

Қоян жылы – жыл санау бойынша Барыс жылынан кейін келетін төртінші жыл. 12 жылда бір рет қайталанып отырады. Қоян жылы уайым-қайғы артта қалатын, адамдар үшін тұрақты, тыныш жыл болмақ. Дегенмен бұл жыл қазақ тарихында бейнетімен, ауыр жағдайларымен есте қалғаны мәлім. Себебі жұттың көбі қоян жылында болған.

Тарихқа үңілсек, 1867-1868 жылдардағы «жалпақ қоян» жұты, 1879-1880 жылдардағы «үлкен қоян» жұты, 1891-1892 жылдардағы «кіші қоян» жұты, 1915-1916 жылдардағы «тақыр қоян» жұты болып, бүкіл қазақ даласында мал қырылып, ел аштыққа ұшыраған.

Осылардың ішінде ең ауыр соқ­қаны «Ұлы қоян жұты» болса керек. Онда Батыс Қазақстан, Орталық Қазақстан, Оң­түс­­тік Қазақстанды бұрын-соңды бол­маған жұт жайлап, Оралда – 80 пайыз, Ырғыз бен Торғайда – 59 пайыз, Сырда­рияда 56 пайыз мал қырылған.

1933 жылдың басында бұрын болған 40,5 миллион бас малдың 4,5 миллионы қалғаны анықталды.  

1900 жылдан бері 11-12 жыл бір мүшел қоян жылы өтті. Соған қарасақ жұттар болды, мал қысырап қалды. Қалың қар жауды, жылқы, сиырлар өріске жайыла алмай үлкен жұт болған. Содан кейін қоян жұт, қорқақ жыл деген түсінік бар. Бұл жылда сақ болу керек деп сақшылар да, халқымыз да жем-шөпті қораға қалыңдап сақтап, сақсынған,

деді жазушы-этнограф Болат Бопайұлы.

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы болған 1723 жыл да қоян жылы болатын.

1951 жылы 18 қазанда Семей полигонында уран бомбасы сынақтан өткізілді. Ал 1963 жылдан бастап халықаралық келісім бойынша жарылыстар тек жер астында жүргізіле бастады.

1987 жылдың маусым айында 1986 жылғы 17-18 желтоқсан күнгі Алматыдағы оқиғаға қатысқан жүзге жуық азамат бас бостандығынын айыру, ал Қайрат Рысқұлбеков ату жазасына кесілді.

1903 жылы Патша өкіметі  Петропавл, Павлодар және Семей уездерінде беделді, көзі ашық қазақтардың үйіне тінту жүргізеді. Бірқатар қазақ зиялылары осы қуғын-сүргінде діни сенім- нанымы үшін Сібірге жер аударылған.

2011 жылы да қоян жылы болған еді. Бұл жылы Маңғыстауда жаппай тәртіпсіздік, Ақ­төбе, Атырау, Таразда, Алматы облысында лаңкестік оқиғалар болып, Оралда үш ауылды су басты.

Сондай-ақ ел арасында қоян жылы қыс қатты болады деген түсінік бар. Ал жазы өте мамыражай, шөбі шүйгін болады.

Қазақтың байырғы есепшілерінің тарихта қалған жылнамалық ауа-райын болжау есептерінде биылғы Қоян жылы қаңтардың 20-25, ақпанның 15-20 аралықтарында солтүстік жақтан қатты боран болуы мүмкін. Оңтүстік жақ бірде ысып, бірде жылып тұрады деп болжайды.

Ал шығыс елдері таным-түсінігінде қоян адамға сәттілік алып келеді. Сондықтан бастаған іс берекелі болады деп топшылайды.

Мамандардың айтуынша, қоян – өте бейбіт жануар. Олар сүйіспеншілікті, қамқорлықты жақсы көреді. Стресске шыдамайды және өзіне түсініксіз дүниелерден қорқады. Сондай-ақ олар өте жиі балалайды. Сондықтан бұл жыл отбасын құруға, сәбилі болуға оңтайлы.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

6 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

6 дней ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

6 дней ago