Кеше Шымкентте Қарттар үйі ашылды. Яғни, қараусыз қалған қарттар саны көбейіп келеді деген сөз. Туғанынан безгендер мемлекеттің қамқорлығына зәру.
Қала аумағында орналасқан қарттар үйі кезінде Түркістан облысының балансында қалған болатын. Жаңадан ашылған №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан қазіргі таңда 30-ға жуық қария, оның ішінде, ерекше күтімді қажет ететін 5 мүгедектігі бар қарт пана тапқан.
50 адамға арналған толық стационарлы мекемеде қарттарға тұрмыстық, медициналық, психологиялық, экономикалық, құқықтық, мәдени және еңбек терапиясы сынды 7 бағыт бойынша әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі.
Қарттар үйінің көпшілігі Шығыс Қазақстанда орналасқан – 17 үй. Ақмола және Алматы облыстарында – 8.
2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстандағы қарттар мен мүгедектер (ересектер) үйінде 20 733 зейнеткер тұрады. Оның 11868-і ерлер, 8865-і әйелдер.
