Қазақ солдаттары Ресейдегі әскери жаттығуларға қатысады

Оқу-жаттығулар қыркүйектің 1-7 аралығында Ресейдің бірнеше полигонында өтеді.

«Восток-2022» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына Қазақстаннан басқа, Алжир, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Никарагуа, Сирия, Тәжікстан, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Лаос және Моңғолия елдері қатысады.

Қатысушылар жеті полигонда, сондай-ақ Охот теңізі мен Жапон теңізінің суларында шабуыл және қорғаныс әрекеттерін жасайтыны айтылған. Сонымен қатар жаттығуларға 50 мыңнан астам әскери мен бес мыңнан астам әскери техника тартылады.

Айта кетейік, биыл Қазақстанда ҰҚШҰ елдерінің әскерлері үш әскери-жаттығу кезеңдерін өткізеді.

«Өзара іс-қимыл-2022» оқу-жаттығуы ҰҚШҰ жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің қатысуымен өтеді. Іс-шара Орталық Азия өңірі жағдайында дағдарыстық жағдайды шешу міндеттерін пысықтауға бағытталады.

«Поиск-2022» оқу-жаттығуы бірлескен күштерге ұрыс қимылдарының барлау аспектілерін меңгеруге мүмкіндік береді. Жауынгерлік құрамаларды үздіксіз материалдық-техникалық қамтамасыз етуді пысықтау мақсатында Қазақстан аумағында үшінші «Эшелон-2022» оқу-жаттығуы өтеді.

Бұдан бөлек ҰҚШҰ әскерлері Тәжікстанда «Шекара-2022» және Қырғызстанда «Мызғымас бауырластық-2022» оқу-жаттығуларын өткізеді. Бұл жаттығулардың біріншісіне ұжымдық жедел енгізу күштері қатысса, екіншісі бітімгершілік құрамалардың қатысуымен өтеді.

Еліміздегі қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде Қазақстан ҰҚШҰ әскерлерін көмекке шақырған болатын.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago