Михаил Горбачев қайтыс болды

КСРО-ның бірінші президенті Михаил Горбачев 92 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Риа Новости хабарлады.

Михаил Горбачев 92 жасында Орталық клиникалық ауруханада көз жұмды.

Ол 1931 жылғы 2 наурызда Ставропольск облысы, Привольное ауылында туған. 1955 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1967 жылы Ставропольск ауылшаруашылығы институтының сырттай оқу бөлімін бітірді. Университетті аяқтаған соң ол Ставрополь облыстық прокуратурасына бөлу арқылы жіберілді. Содан кейін партиялық жұмыстармен айналысты.

1985 жылы КОКП Орталық Комитетінің кезектен тыс пленумында Михаил Горбачев Бас хатшы болып сайланды. 1988 жылғы 1 қазаннан бастап ол КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы қызметін де атқарды.

1990 жылы КСРО халық депутаттарының кезектен тыс үшінші съезінде ол Кеңес Одағының бірінші және соңғы президенті болып сайланды. Ал 1991 жылғы 25 желтоқсанда КСРО-ны тарату туралы Беловеж келісіміне қол қойылғаннан кейін Михаил Горбачев президент ретіндегі қызметін тоқтататынын мәлімдеді.

Горбачевтің сыртқы саясаттағы басты еңбегінің бірі ядролық қарусызданудың басталуы және оның бастамасымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуы болды.

Зейнетке шыққаннан кейін ол лекциялар оқыды, сұқбат берді, Әлеуметтік-экономикалық және саясаттану зерттеулерінің халықаралық қорын құрды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

14 часов ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

4 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 недели ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 недели ago