Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > «Қазақ солдаты» романының басты кейіпкерінің протатипін бүгінгі ұрпақ біле ме?
Руханият

«Қазақ солдаты» романының басты кейіпкерінің протатипін бүгінгі ұрпақ біле ме?

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 02.05.2023
Обновлено 02.05.2023 в 01:05
Поделиться
Фото: мұрағат
Поделиться

«Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай-қарай зытам… Зытып келе жатқаным, қашып келемін. Артыма қарай беретінім, қорқып келемін…». 

Талай жауынгердің рухын жанып, намысын қайраған бұл шығарманы бүгінгі буын білмегенмен, үлкен буын өз заманында ынта-ықыласпен оқыды. 1945 жылы «Қазақ батыры» деген атпен шағын кітап күйінде шығып, кейін 1950 жылы «Қазақ солдаты» деп өзгертіліп, толықтырылып қайта жазылған бұл роман қазақ әдебиетіндегі II Дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды болатын.

Биыл Гитлер фашистерін жер жастандырған Жеңіске — 78 жыл, Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романына — 73 жыл. Ал, осы романның басты кейіпкері Қайрош Сарталиев туралы бүгінгі ұрпақ біле ме?

Ол – ойдан шығарылмаған,  өмірден алынған кейіпкер. Оның басты прототипі – Кеңес одағының батыры, атыраулық Қайырғали Смағұлов. Өзге де батырлар бар ғой, Ғабит Мүсірепов неге дәл осы Қайырғали Смағұловты романының басты кейіпкері етіп таңдады? Жауынгер аты-жөнін неге Константин Иванович деп өзгертті? Кеңес одағының батыры атағын қандай ерлігі үшін алды?

«Әуелі келісіп алайық, сіз еш­нәр­сені жасырмаңыз, мен ешнәрсе қоспайын.

— Жоқ, сіз ешнәрсе қоспаңыз, мен ешнәрсе жасырмайын…

Уәдеміз осы болды…»

Жазушы мен кейіпкер арасындағы диалог романға дейін осылай басталған еді. Болашақ батыр 1919 жылы Атыраудан 30 шақырым жердегі Қайыршақты ауылында дүниеге келді. Әкесінен жастай айырылды.

Жоқшылық жетім ұлдың қолын байлағанмен, бірақ, жолын байлай алмады. Романда Қайроштың бір табын сиырды тастап, ауылдан соңына қарамай зытып, қалаға қашатын себебі сол — білім алмаққа, қараңғылықтан құтылмаққа ұмтылуы еді.

Ашаршылықты да, тұрмыстағы ауыртпалықты да көрген бозбала Костя, яғни Қайырғали 1933 жылы Оралдағы балалар үйінде 7 сыныптық білім алады. Соңынан анасы Биғайша іздеп келгенде де оқуын үзгісі келмей, Оралда қалған.

Өмірдің тауқыметіне шыныққан, шыншыл әрі қайсар Қайырғали 1939 жылы әскерге шақырылды. Ал, соғыс басталған 1941 жылы ол 22 жаста еді. Алғаш Дон, Ростов, Орджонокидзе қалаларындағы қанды шайқастарға қатысты. Қырым мен Кавказда да ерлік көрсетіп, «Қызыл жұлдыз» орденін кеудеге қадады. Бірақ, Қайырғали Смағұловтың жасындай жарқырайтын шағы алда еді.

1943 жылы Новороссийск деген жерде Эльтиген деген төбе бар. Сол төбенің Керч деген биігінде майдан болған. Бірнеше күн шайқаста немістер жеңіліс тапты. Кейін сол жерге ерлігі үшін Қайырғали батырдың атағын берген. Он адамның біреуіне. Басқалары өзге ұлт өкілдері. Содан Сталиннің бұйрығы шығады. Фронтқа жібермей еліне бір ай демалыс береді. Госпитальде жатып, жазылып, пойызға мінгізіп, Алматыға жеткізген.

филология ғылымдарының докторы Қадыр Жүсіп.

Сөйтіп, бір жылдары ауылдан қашқан бақташы жігіт енді Кеңес одағының батыры атанып, туған елге келеді. Жол бойы қошемет көреді. Пойыздан түскенде қаумалаған қалың жұрттың құшағынан сытылып, әзер босайды. Оны республика компартиясының хатшысы күтіп алады.

Жұмабай Шаяхметов өзі қарсы алады. «Алғаш рет кездестім. Сондай жылы жүзді адам екен». Мені «бауырым, аман келдің бе», деп құшақтады. «Мен де жетімкөкірек шыдай алмай төгіліп жыладым», дейді. Ол кісі де жылаған. «Айналайын, қош келдің. Біздің мақсатымыз- батырларды халыққа көрсету. Жастарға ерлігіңізді үлгі ету, патриоттық сезімді ояту», дейді.

Содан жазушылар мен журналистер алдында майдан даласында көрген қанды қырғынды ер егіле баяндайды, ел емірене тыңдайды. Бір кезде жиын біткен соң…

Қайракең былайша еске алады:

Көп адамның арасынан бір адам келді. Жарқын жүзді, тәкаппар мінезді адам. Келді де арқамнан қақты. Сосын Жұмабайға айтты: «Енді бүгінше біткен болар, Қайрекеңді үйіме апарып, қонақ қылайын»,-дейді. Бұл кісі Ғабит Мүсірепов еді.

Алматыда болған он күннің ішінде батырды Ғабит Мүсірепов үйіне бірнеше мәрте шақырып, кеткенше қонақ қылады. Сыр суырады, майдан өмірі мен Қайырғалидың жан-дүниесіне қанығады.

Батырдың соғыс даласына қайта кетерінде жазушы «сен менің кейіпкерім боласың» деген. Сөйтіп, 1945 жылы алдымен «Қазақ батыры» деген атпен шағын әңгіме жазылады.

Алайда, «тылды қозғамай, тек майданмен шектелдің» деген Мәлік Ғабдулиннің сынынан соң, Ғабит Мүсірепов шығарманы толықтырып, роман жанрында қайта жазады.

Бұл оның қаламына бұйырған ең алғашқы романы еді. Ендігі аты — «Қазақ солдаты».

Кейін батыр жазушыдан «неге дәл мені кейіпкер қылып таңдадыңыз?» деп сұраған.

Сонда Ғабит былай депті:

Айналайын, батырлар көп қой. Бірақ, сені көргенде жазғым келіп кетті.

«Ол да бір жазушылықтың құдіреті ғой. Мен жетім өстім, жарлы болдым. Бәлкім, сол жазушыға әсер еткен болар».

Жалпы, Қайырғали Смағұлов тумысынан өте қарапайым болған деседі. Тіпті, батыр атағын алғанда да аса сезіне қоймаған.

Олесь Гончарь дейтін жазушы бар.

Киевтің үлкен залында ине шаншар жер болмады. Сол залда ол былай деп айтты. «Жұртшылық, біздердің арамызда кім тұрғанын білесіздер ме? Біздің ортамызда ұлы Ғабит Мүсіреповтің «Солдат из Казахстана» романының басты прототипі Қайроштың кейіпкері, Кеңес одағының батыры Қайырғали Смағұлов бар», дегенде орнымнан тұрдым.

Аяқ-қолым дірілдеп кетті. Бүкіл зал ұшып түрегеліп, қол соғып, біразға дейін отырмады. Сол кезде батыр екенімді алғаш сезіндім», дейді.

Соғысқа бастан-аяқ қатысқан батыр 74 жасында дүниеден өтті, қазір ауыл шетіндегі зиратта мәңгі тыныстап жатыр.

Атыраудан соғысқа 42 мың 505 адам аттанса, оның 13 мың 287-сі оралмады. Облыс бойынша 9 адам Кеңес одағының батыры атағын алды. Тізімнің басында – Қайрош — Қайырғали Смағұлов.

Батыр туған ауылға кіре берісте мынадай өлең жолдары бар екен:

Жауынгерді айналдырып құрышқа.

Тайсалмастан кірген талай ұрысқа.

Ұрпағына үлгі болған ғұмырын

Ұқсатамыз жарқылдаған қылышқа.

Бұл – Қазақ солдаты. Қайырғали Смағұлов.

ТЕГи: Главное, Қазақстан, Руханият
Сая Манарбековна 02.05.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?