Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Қазақстанға 25 миллионға жуық гүл жеткізілді
Экономика

Қазақстанға 25 миллионға жуық гүл жеткізілді

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 03.03.2023
Обновлено 03.03.2023 в 11:03
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде сырт елдерден гүлдерді әкелуге байланысты қызықты деректермен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бірер күннен соң көктемнің басты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні тойланады. Нәзік жанды арулар осы мерекені асыға күтеді.

Бұл күні гүл саудасы қызып, дүкендер мен базарларда адамдар сыйлық алуға көптеп келеді. Өздеріңіз білетіндей, гүлдердің негізгі бөлігі шетелден әкелінеді.

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға салмағы 1 341 тонна гүл немесе 24,6 млн дана гүл талы әкелінген, оның құны 9,5 млн АҚШ долларына тең болды,

делінген комитет хабарламасында.

Сұранысы ең жоғары – раушан гүлдері: салмағы 799 тонна немесе 18 миллион дана гүл талы әкелінген, құны — 5,8 миллион АҚШ долларына жуық. Екінші орында – хризантемалар (салмағы — 134 тонна немесе 2,4 млн.дана гүл талы, құны 1,3 млн. АҚШ доллары), үшінші орында – қалампыр (салмағы — 31 тонна немесе 922,7 мың дана гүл талы, құны 161 мың АҚШ доллары).

Сонымен қатар лалагүл де жоғары сұранысқа ие, оны 35 тонна салмағымен 192 мың АҚШ долларына әкелген, басқа да жаңа кесілген гүлдер (қызғалдақ, hydrangeas, линолиум, гипсофила, финикс, ирис, гортензия және басқа да экзотикалық гүлдер) салмағы 376,8 тонна, құны 2,2 млн АҚШ долларына әкелінген.

Жыл басынан бері гүлдер негізінен Эквадор (769 тонна), Нидерланды (268 тонна), Колумбия (137 тонна), Кения (108 тонна), Израиль (16 тонна), Өзбекстан (14 тонна), Қытай (13 тонна) және Түркия (6 тонна) елдерінен әкелінген,

дейді мамандар.

Өткен жылы да раушан гүлдері жоғары сұраныста болған, әкелінген раушан гүлінің салмағы 726,1 тонна немесе 17,4 млн дана гүл талы, құны 6,1 млн АҚШ долларына тең. Хризантема гүлі (салмағы – 90,1 тонна немесе 1,5 млн дана гүл талы, құны 768,3 мың АҚШ доллары), қалампыр гүлі (салмағы — 27,8 тонна немесе 844,4 мың дана гүл талы, құны 175,5 мың АҚШ доллары) де көптеп импортталған.

Өткен 2022 жылы Қазақстанға сырттан салмағы 6 690 тонна, құны 46,7 млн АҚШ долларын құрайтын гүлдер әкелінген,

дейді комитет өкілдері.

Салыстыру үшін атап өтсек, өткен 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға сырттан салмағы 1 059,4 тонна немесе 20,7 млн дана гүл талы, құны 8,3 млн АҚШ долларын құрайтын гүлдер әкелінген.

Өткен 2022 жылы қазақстандық раушан гүлдері Өзбекстанда сұранысқа ие болып, барлығы 25 тонна, құны 94 мың АҚШ долларын құрайтын гүлдер экспортталған.

ТЕГи: Қазақстан, Экономика
Сая Манарбековна 03.03.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?