Үкімет ел аумағына шетелдік машина кіргізу және пайдалану тәртібін қарап жатыр.
Шетелден автомобиль әкелу ережесін билік былтыр жазда қабылдамақ болған. Алты ай өткен соң ҚР ИИДМ тиісті қаулы жобасын әзірледі. Құжат қоғам талқысынан өтті, енді көп ұзамай қабылданып, күшіне енетін сияқты. Уақыт өте қаулыға біраз өзгеріс пен түзету енуі мүмкін, бірақ қазірдің өзінде шетелден көлік әкелу ережесі кәдімгідей қатаңдайтыны байқалады, деп жазады kolesa.kz.
Жоба бойынша бөтен нөмір таққан көлікті оған иелік ететін жеке және заңды тұлға немесе халықаралық қозғалысқа қатысатын шетел азаматы ғана шекарадан өткізе алады. Сенімхат не сақтандыру арқылы жүргізетіндер автомобиль иесі саналмайды. Ал халықаралық қозғалыста деп шетел азаматы немесе Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты жоқ адамның меншігіндегі машина танылады.
Басқа елден келген көліктерді шекара маңында орналасқан автомобиль бекеттеріндегі кеден қызметкерлері тексеріп, тіркейді.
Қазақстан аумағына кіре алмайтын машиналардың тізімі де жарияланды. Олар:
Қазақстанға көлік жеткізу қызметін көрсету туралы келісімшарты жоқ клиенттерге машина әкелмек болған автотасығыштар да ел аумағына кіре алмайды. Келісімшартта автомобиль иесі, көліктің сәйкестеу белгілері, жеткізу орны, қабылдау шарттарына қатысты мәлімет болуға тиіс. Жауапты органдар машина туралы мәліметті электронды техпаспорт жүйесі көмегімен тексереді.
Басқа мемлекетте есепте тұрған машина біздің елде техникалық тексерістен өтіп, сақтандыру полисін алуға міндеттеледі. Ондай көлікпен такси қызметін атқаруға болмайды.
Елге келген автомобиль туралы мәлімет кеден, шекара, полиция және сақтандыру қызметтерінің базасында сақталады.
Бұл әзірше тек жоба. Құжаттың соңғы нұсқасы күшіне енгенде Kolesa.kz редакциясы бірден оқырмандарына хабарлайды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…