Categories: Экономика

Үкімет «екі-үш айдан соң» баға түседі деп болжайды

Қазақстан қаржы министрлігі «екі-үш айдан соң» баға түседі деп болжайды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

«Баға түседі деп ойлаймыз, өйткені доллар бағамы артқанда импортталатын тауар да қымбаттайды. Соған байланысты импортталатын тауар жәймендеп арзандайды деп отырмыз. Көрсеткіш осы айларда жоғарғы шегіне жетті, қазір инфляция 20 пайыздан жоғары болып тұр. Екі-үш айдан соң төмендейді деп ойлаймыз», — дейді сенат ғимаратында журналистер сауалдарына жауап берген вице-премьер — қаржы министрі Ерулан Жамаубаев.

Оның айтуынша, түзету енгізілген бюджетте «инфляция деңгейі 7,5–9,5 пайыз аралығы деп белгіленген». «Біз осы деңгейді назарда ұстаймыз, баға төмендейді деп болжаймыз», — деп мәлімдеді Жамаубаев.

Бұның алдында сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин осы көктемде азық-түлік арзандайды деп уәде берген.

2023 жылғы қаңтарда Қазақстан азық-түлік қымбаттауы көрсеткіші бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында бірінші орынға шықты. Ұйымға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения және Беларусь кіреді.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

6 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago