Categories: Қоғам

Қазақстанға көлік кіргізу талабы күшейтіледі

Үкімет ел аумағына шетелдік машина кіргізу және пайдалану тәртібін қарап жатыр.

Шетелден автомобиль әкелу ережесін билік былтыр жазда қабылдамақ болған. Алты ай өткен соң ҚР ИИДМ тиісті қаулы жобасын әзірледі. Құжат қоғам талқысынан өтті, енді көп ұзамай қабылданып, күшіне енетін сияқты. Уақыт өте қаулыға біраз өзгеріс пен түзету енуі мүмкін, бірақ қазірдің өзінде шетелден көлік әкелу ережесі кәдімгідей қатаңдайтыны байқалады, деп жазады kolesa.kz.

Жоба бойынша бөтен нөмір таққан көлікті оған иелік ететін жеке және заңды тұлға немесе халықаралық қозғалысқа қатысатын шетел азаматы ғана шекарадан өткізе алады. Сенімхат не сақтандыру арқылы жүргізетіндер автомобиль иесі саналмайды. Ал халықаралық қозғалыста деп шетел азаматы немесе Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты жоқ адамның меншігіндегі машина танылады.

Басқа елден келген көліктерді шекара маңында орналасқан автомобиль бекеттеріндегі кеден қызметкерлері тексеріп, тіркейді.

Қазақстан аумағына кіре алмайтын машиналардың тізімі де жарияланды. Олар:

  1. халықаралық немесе ҚР ұлттық заңнамасына сәйкес іздеуде жүрген;
  2. иелік ету, пайдалану, тапсыру құқығы шектелген;
  3. құжаттары мен мемлекеттік нөмірі жарамсыз;
  4. торап және агрегат нөмірі жасырын, жалған және өзгерген көліктер — мұны полиция анықтайды;
  5. таңбалануы, техникалық және сәйкестеу сипаттамалары мен тіркеу құжаттарындағы мәліметте айырмашылық бар;
  6. ЕЭО елдерінде тіркелгені КҚЭП (ЭПТС) жүйесіндегі электронды паспортта жазылған мәлімет арқылы расталмаған.

Қазақстанға көлік жеткізу қызметін көрсету туралы келісімшарты жоқ клиенттерге машина әкелмек болған автотасығыштар да ел аумағына кіре алмайды. Келісімшартта автомобиль иесі, көліктің сәйкестеу белгілері, жеткізу орны, қабылдау шарттарына қатысты мәлімет болуға тиіс. Жауапты органдар машина туралы мәліметті электронды техпаспорт жүйесі көмегімен тексереді.

Басқа мемлекетте есепте тұрған машина біздің елде техникалық тексерістен өтіп, сақтандыру полисін алуға міндеттеледі. Ондай көлікпен такси қызметін атқаруға болмайды.

Елге келген автомобиль туралы мәлімет кеден, шекара, полиция және сақтандыру қызметтерінің базасында сақталады.

Бұл әзірше тек жоба. Құжаттың соңғы нұсқасы күшіне енгенде Kolesa.kz редакциясы бірден оқырмандарына хабарлайды.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

23 часа ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

24 часа ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

24 часа ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

24 часа ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago