Ұкімет отырысында ішкі істер министрі Ресейде мобилизация жариялағаннан кейін елге тәулігіне қанша ресейлік келетінін айтты.
Министр Марат Ахметжановтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанға келетін ресейліктер саны едәуір азайған.
«Бұрынғы жағдайға оралдық, қазір Ресейден келетін азаматтардың саны кетіп жатқандар санынан аз. Күн сайын 8-9 мың азамат келеді, 10-11 мың азамат кетеді»
— деді министр.