Қазақстанға Ресейдің қай компаниялары көшіп келеді?

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров қай компаниялар өз өндірісін ауыстыруды жоспарлағанын және мұның бізге не беретіні туралы айтып берді.

20 шілдеде Fortune нұсқасы бойынша әлемнің 100 ірі компаниясына кіретін Honeywell компаниясы жаңа құрастыру кәсіпорнын іске қосты, деп хабарлайды Forbes.kz. Мұнда технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері (ТПАЖ) және Апаттан қорғау (АҚ) жүйелері құрастырылады. Олар мұнай-газ, химия, энергетика, металлургия, тау-кен және тағы басқа өнеркәсіпте қолданылады.

Қарапайым тілмен айтқанда, бұл — әртүрлі электроника, сенсорлар, чиптер және басқасы бар үлкен шкафтар. Олар өндірістік сенсорлардан қажет ақпаратты автоматты түрде жинайды, деректер сол жерде өңделіп, операторға жіберіледі. Оператор алынған дерек негізінде жұмыс процестерін оңтайландырады. Мұндай жабдық күрделі өнеркәсіп кәсіпорындарының қауіпсіздігі мен табыстылығын жақсартуға көмектеседі.

Зауыт ашылуында Сыртқы істер министрі орынбасары Алмас Айдаров компаниямен Honeywell Орталық Азия кеңсесін Ресейден Қазақстанға ауыстыру туралы келіссөз жүріп жатқанын хабарлады. Бұл Қазақстаннан осындай ұсыныс түскен жалғыз компания емес.

2022 жылғы наурыздан бастап аймақтағы геосаяси жағдайға байланысты біз өзіміз үшін 265 ірі компанияны анықтадық. Олар Ресей нарығынан кететінін ресми түрде мәлімдеді, бірақ олар Орталық Азия нарығын жоғалтқысы келмейді. Біз олармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Қазір Қазақстанда жаңа өндіріс ашу немесе олардың орталық офисін көшіру туралы 43 келісім жасалды,

деді Алмас Айдаров.
Алмас Айдаров

Оның айтуынша, Қазақстанда TikTok офисін ашу жоспарланып жатыр, өйткені бұл сервиске РФ-та тыйым салынды. Сыра қайнатумен айналысатын Carlsberg компаниясы да өндірісін көшіретінін мәлімдеді. Philip Morris компаниясымен жылыту жүйелеріне арналған стиктер өндіруді Қазақстанға көшіру мүмкіндігі талқыланып жатыр. Бұл ретте Қазақстан елшілігі келіссөзді Ресейдегі емес, компаниялардың орталық офисімен жүргізіп жатыр.

Бізде дайын өндірістік алаңдарды ұсынатын өңірлік мүмкіндіктер картасы бар. Себебі шектеулі уақытқа байланысты компаниялар зауыттарды нөлден бастап салуға мүмкіндігі жоқ. Бірінші орынды Германия алады — ол жерден 40 компания бар. Келесісі — АҚШ, Жапония, Италия, Түркия.

Салалар әртүрлі. Негізінен бұл — өңдеу және тамақ өнеркәсібі, IT-компаниялар. Ірілеріне қоныс аударуға көмектесеміз, ал шағын және орта бизнестің өзі аса мобильді. Сондықтан олар Қазақстанға өз бетінше көшеді. Мысалы, inDriver кеңсесін ауыстыра салды,

деді министр орынбасары.

Алмас Айдаров шетелдік компаниялар елімізге қосымша инвестициялар әкеліп қана қоймай, жұмыс орындарын ашып, жаңа технологиялар, менеджмент пен бизнес-процестерде жаңашылдық енгізетінін айтып өтті. Онымен Алматы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров те келіседі.

Алматыда жаңа өндірістерді орналастыру қалада инвестициялық ахуал қолайлы екенін білдіреді. Сондықтан әкімдік қаланың және жалпы елдің тұрақты экономикалық дамуына ықпал ететін жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.

Маңыздысы сол, біздің нарыққа кіретін барлық компания біздің елге салық төлеуі үшін тіркелуі керек. Ең бастысы, онда Қазақстан мамандары жұмыс істеуі қажет. Кадрларды даярлауға біз де көмектесеміз, бұл жұмысты шетелдік компаниялармен бірлесіп жүргіземіз,

деді Әлішер Әбдіқадыров.
Әлішер Әбдіқадыров

Шетелдік бизнес Қазақстанға бірнеше себеппен қызығады, олар: ТМД елдеріне жолға қойылған логистика, заңнама Ресейдікіне ұқсас екені, ортақ экономикалық одақ, менталитет және Орталық Азияның басқа елдерімен салыстырғанда экономикасы дамығаны.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago