Халық қатты ашулы, билік отпен ойнап отыр

Қоғам қайраткері Андрей Андреев қоғам мен билік арасындағы кез келген қақтығыс ірі шығынға ұшыратуы мүмкін деп санайды. Бұған себеп те жеткілікті.

Қазақстан бірнеше күн бұрын болған қорқынышты оқиғадан әлі де шошиды. Алматы облысы Междуреченское ауылының 38 жастағы тұрғыны жылқыны жол талғамайтын көлігімен қағып кеткен. Ол мұны көршісімен жанжалдасқаннан кейін істеген. Кейін ол бұл ісі үшін кешірім сұрап, көршісімен татуласты, заңды жазаланбады.

Нәтижесінде ондаған ашулы адам оның үйіне жиналып, өз бетінше үкім кеспекші болған. Тәртіп сақшылары қақтығысқа қатысушылармен профилактикалық әңгіме жүргізді. Ал тергеу жүргізушіге қатысты бапты өзгертті — ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Жарақат алған жылқыға келсек, ол аман қалды. Бірақ иесі оны сойып алды, өйткені көлік соққаннан жануар қозғала алмаған.

Дегенмен бұл оқиға билік иелері үшін үлкен проблемаға айналып, жаңа бүлік шығуы мүмкін еді. Бұл пікірді қоғам қайраткері Андрей Андреев айтады.

Қазір қарапайым халық өзінің жағындағылар кімдер екенін, бөтені қайсы екенін нақты ажырата алатын болды. Өкінішке қарай, бұл жағдайда шенеуніктер мен қазақстандықтар баррикаданың екі бетінде. Енді осындай әр жанжал қайғылы жағдайға айналуы мүмкін.

Кеше «қасапшының» үйіне келгендер өте ашулы болды, оларды 1-2 патруль көлігі тоқтата алар ма еді? Әрине, жоқ. Сан жағынан азаматтар полиция қызметкерлерінен көп болды, тіпті полция қызметкерлері зардап шегуі де мүмкін еді. Халық қазір қатты ашулы: баға өсті, ақша жоқ, әділдік жоқ,

деді Андрей Андреев.

Бұл жағдайда кінәлі адам 10 күн емес, 6 ай қамауға алынуы керек еді. Қоғамшылдың пікіріне қарағанда, бұл жағдай барлық «қасапшыға» сабақ бола алар еді. Ал жылқы иесі жануарына қарай алмағаны үшін айыппұл төлер еді.

Халық үшін бұл әділдік көрсеткіші болар еді, биліктің басқаруға шамасы келетінін, адамдардың өз бетінше үкім кесудің қажеті жоқ екенін көрсетуші еді. Жалпы, елдегі жағдай әбден ушықты. Кез келген ұшқыннан өрт шығуы мүмкін, бірақ билік мұны байқмаған сыңай танытады. Олардың әрекеті 40 грдаус ыстықта бензин тасымалдаушыда отырып, шырпы жағуға ұқсайды. Сөйте тұра, бензин тасымалдаушының жарылмайтынына сенімді. Өйткені әкімдіктің «бензин тасымалдаушы жарылмасын» деген қаулысы бар,

деді Андрей Андреев.

Қоғамшыл қоғамдағы кез келген наразылық бүкіл елді қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін екеніне сенімді.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago