Categories: Экономика

Қазақстанға Түркиядан балмұздақ экспорты 1000%-ға артқан

Ресей Федерациясынан ҚР-ға балмұздақ жеткізу көлемі заттай түрде қысқарды. «Шин-Лайн» Директорлар кеңесінің төрағасы Дмитрий Докиннің айтуынша, ол 49,1%-ға төмендеген. Неліктен деген сұраққа ол мұның екі себебін айтты: біріншіден, Ресейге қарсы санкциялар қолданылады; екіншіден, логистикалық тізбектер өзгерді.

Қазақстанға әлемнің басқа елдерінен үлкен көлемде балмұздақ әкеліне бастаған. Ресейден экспорт қысқарғанымен, ол әлі де көшбасшылар қатарында: үш айда көрші елден 743,2 тонна балмұздақ жеткізілсе (-49,1%), Түркиядан әкелінетін балмұздақ мөлшері 1000%-ға артқан. Сондай-ақ елге Франциядан 84%-ға, Қырғызстаннан 26,7%-ға, Швейцариядан 1,4%-ға көп балмұздақ әкелінді. Импорттың өсуімен қатар басқа мемлекеттерге отандық өнімді жіберу де артты. Атап айтқанда, Қырғызстанға 739,1 мың долларға, ал Өзбекстанға 399,3 мың долларға экспорт ұлғайды. Биыл қазақстандық балмұздақ өндіруші өз өнімдерін жеткізетін елдердің тізімін Әзірбайжан және Грузия  мемлекетімен толықтырды.

Сарапшының айтуынша, нарық геосаяси жағдайға байланысты өзгерді. Тапсырыс берілген бөлшектер мен жабдықтар ұзағырақ жеткізіледі. Кейбір еуропалық компаниялар әртүрлі апаттардан қорқып, жабдықтарын Ресей Федерациясы арқылы жеткізгісі келмейді. Ресейліктерге де оңай емес: оларға еуропалық қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды сатып алуға көмектесу үшін Қазақстаннан көмек сұрауға тура келеді. Оларға Қазақстан көмектесуге қорқып отыр, өйткені бұл бизнеске және елге теріс әсер етеді. Польша, Германия және Дания Ресей Федерациясына балмұздақ өндіру үшін өз өнімдерін жеткізбейді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago