Ресей Федерациясынан ҚР-ға балмұздақ жеткізу көлемі заттай түрде қысқарды. «Шин-Лайн» Директорлар кеңесінің төрағасы Дмитрий Докиннің айтуынша, ол 49,1%-ға төмендеген. Неліктен деген сұраққа ол мұның екі себебін айтты: біріншіден, Ресейге қарсы санкциялар қолданылады; екіншіден, логистикалық тізбектер өзгерді.
Қазақстанға әлемнің басқа елдерінен үлкен көлемде балмұздақ әкеліне бастаған. Ресейден экспорт қысқарғанымен, ол әлі де көшбасшылар қатарында: үш айда көрші елден 743,2 тонна балмұздақ жеткізілсе (-49,1%), Түркиядан әкелінетін балмұздақ мөлшері 1000%-ға артқан. Сондай-ақ елге Франциядан 84%-ға, Қырғызстаннан 26,7%-ға, Швейцариядан 1,4%-ға көп балмұздақ әкелінді. Импорттың өсуімен қатар басқа мемлекеттерге отандық өнімді жіберу де артты. Атап айтқанда, Қырғызстанға 739,1 мың долларға, ал Өзбекстанға 399,3 мың долларға экспорт ұлғайды. Биыл қазақстандық балмұздақ өндіруші өз өнімдерін жеткізетін елдердің тізімін Әзірбайжан және Грузия мемлекетімен толықтырды.
Сарапшының айтуынша, нарық геосаяси жағдайға байланысты өзгерді. Тапсырыс берілген бөлшектер мен жабдықтар ұзағырақ жеткізіледі. Кейбір еуропалық компаниялар әртүрлі апаттардан қорқып, жабдықтарын Ресей Федерациясы арқылы жеткізгісі келмейді. Ресейліктерге де оңай емес: оларға еуропалық қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды сатып алуға көмектесу үшін Қазақстаннан көмек сұрауға тура келеді. Оларға Қазақстан көмектесуге қорқып отыр, өйткені бұл бизнеске және елге теріс әсер етеді. Польша, Германия және Дания Ресей Федерациясына балмұздақ өндіру үшін өз өнімдерін жеткізбейді.