Categories: Қоғам

Қазақстанға визасыз келген шетелдіктер елде 30 күн бола алады

Шетел азаматтарының Қазақстан аумағында жүріп-тұру тәртібіне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.

Елімізде 27 қаңтардан бастап жаңартылған көші-қон ережелері күшіне енді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстанға визасыз келген шетелдіктер елде 30 күн бола алады. Алты ай ішінде визасыз шетел азаматтарының елде болу мерзімі 90 күннен аспауы керек. Ал ЕАЭО (Еуразия экономикалық одағы) азаматтары үшін 180 күн ішінде 90 күннен аспайды. Бұрынғы талапта бұл мәселе реттелмеген. Яғни, шетелдіктер Қазақстанда жүріп-тұру мерзімі аяқталғаннан кейін елден кетіп, қайта келіп, мерзімді жаңарта алатын еді,

деді Шұғыла Тұрлыбек

Министрлік өкілінің мәліметінше, жаңа ережелердің уақытша тұру рұқсаты немесе визасы бар шетелдіктерге қатысы жоқ.

Ереже «Халықтың көші-қоны туралы» заңның 6-бабына сәйкес келтірілген. Шетел азаматтарының Қазақстанда жүріп-тұру ережесін бұзу фактісі анықталған жағдайда шекара қызметі «Халықтың көші-қоны туралы» заңның 48-бабына сәйкес шара қолданады,

дейді ол.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

6 дней ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

4 недели ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago