ҚР Президенті Іс Басқармасы медициналық орталығы ауруханасының дәрігер-ғалымдары Татарстанның Қазан университетімен бірлесіп, бие сүтін онкологияда қолдануға инновациялық патент алды. Бұл туралы ҚР ПІБ медициналық орталығы ауруханасының бас гастроэнтерологі Бақытжан Биімбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз бие сүтінің емдік-диеталық, профилактикалық, оңалту қасиеттерін зерттеумен айналысамыз. Тағы бір бағыт онкологиялық ауруларға қатысты. Менің онколог-диссертант шәкіртім сүт безі қатерлі ісігінің химиотерапиясында пастерленген құрғақ бие сүтін қолдану бойынша зерттеу жүргізіп жатыр. Бұл терапия агрессивті және көптеген жанама әсерлерді тудырады: ауыр өтеді, өмір сапасы төмендейді, анемия, лейкоциттер, тромбоциттердің төмендеуі, жүректің айнуы, құсу, жайсыздық және әлсіздік. Біз химиотерапия бойынша бие сүтімен және бие сүтінсіз ғылыми зерттеу жүргіздік. Салыстырмалы түрде бие сүтімен жасалған зерттеу жақсы нәтиже көрсетті»,
гастроэнтеролог Бақытжан Биімбетов.
Оның айтуынша, бие сүтін тұтынумен қатар жүрген химиотерапияны науқастар жеңілдеу қабылдаған. Пациенттердің өмір сүру сапасы жақсарып, анемия түріндегі жанама әсерлер бойынша зертханалық көрсеткіш оңалды. Ал, кейбір науқастарда тіпті анемия болмаған да.
«Емдеудің тиімділігі бойынша нәтижелер әзірленіп жатыр. Статистикалық өңдеу жүргізіледі. Әзірге химиотерапияның тиімділігі қай топта жақсы, қай топта нашар екенін толық айта алмаймыз. Дегенмен, бие сүтін ұнтақ түрінде қолдану арқылы химиотерапия оң нәтиже берді. Оны мөлшерлеу де өте ыңғайлы. Нәтижеге Татарстан ғалымдарымен бірге қол жеткізіп, патенттедік. Бұл – бірлескен еңбек», — деді Б. Биімбетов.
Статистикалық зерттеулер аяқталғаннан кейін осы тақырыпта диссертация қорғалады. Бүгінге дейін бұл тақырыпта 9 мақала жарияланды, соңғысы – химиотерапияда бие сүтін қолдану бойынша ғалымдардың зерттеуі.
Сондай-ақ, ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының бас гастроэнтерологі Бақытжан Биімбетов осы бағыттағы жұмысты жалғастыратынын айтты.
«Бізге ғылыми ізденіс жасағысы келетін, көздері жанып тұрған жас мамандар керек. Біз зерттеушілерге мұқтажбыз», — дейді ол.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…