Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Қазақстан қалыпты: Ресей тәуелді боп қалды
Саясат

Қазақстан қалыпты: Ресей тәуелді боп қалды

Фариза Сагындыкова
Фариза Сагындыкова 07.03.2023
Обновлено 07.03.2023 в 03:03
Поделиться
Поделиться

Қазақстан солтүстік көршісімен қарым-қатынаста шынымен тең құқылы серіктес бола ала ма?

Мазмұны
Көпір ашылдыТырысып бағудаТоңазытқышпен байып жатыр

Ресей Украинаға қарсы соғыс бастағалы бір жыл өтті. Бұл қақтығыс басынан-ақ Қазақстанға және Ресеймен көршілес басқа елдерге, әсіресе экономика тұрғысынан қатты әсер етті. Алайда біздің ел өз экономикасын әлемдік санкциялардан сақтап қана қалған жоқ, сонымен қатар солтүстік көршісімен өзара тиімді қарым-қатынасты ұстап отыр. Бұған қоса, кейбір сарапшылардың айтуынша, Ресей Қазақстанға айтарлықтай тәуелді болып қалды.

Көпір ашылды

Отандық экономисттердің айтуынша, көпвекторлы позициямыздың арқасында біз Ресейге қайта экспорт жасау мүмкіндігін тиімді пайдалана алдық. Ресейге баратын капиталдың бір бөлігін өзімізге қарай тартып, Қытай мен Еуроодақ арасындағы жүк ағындарын жақсартып алдық. Нәтижесінде ЕАЭО-тың Қазақстан шекаралары арқылы саудасы айтарлықтай дамыды.

Осылайша, Қазақстан өзінің қауіпсіздігін нығайтып алды, себебі Ресейдің біздің елімізге геосаяси тәуелділігі артты. Егер қандай-да бір мән-жайларға байланысты Ресей Қазақстанға серіктес ретінде қызығушылығын жоғалтса, онда ол түгелдей географиялық оқшаулануға түсіп, Қытайға өте тәуелді болып қалады.

Басқаша болғанда тәуелді жағдайда Қазақстан қалар еді. Соған қарағанда, мұндай қауіптің барын түсінген ҚР үкіметі басқа да баламалы бағыттарды зерттеуге кірісіп, транзиттік жүк тасымалы мен мұнай экспорты мәселелерін түбегейлі қолға алған секілді. Бұған қоса ресейлік импортты ауыстыру үшін Қазақстан Қытай, Түркия, Өзбекстан елдерінің жеткізушілерімен келісім жасасқан. Осының арқасында Ресейден келетін тауарлар саны азайып, ал керісінше Ресейге жөнелтілетін тауарлар көлемі артты. Тек көлік-логистикалық тізбектер қиындай түсті және әлдеқайда ұзағырақ болып шықты.

Тырысып бағуда

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, қазіргі таңда Қазақстанда 13 мыңға жуық ресейлік кәсіпорын бар. Негізі, мұнда бәрі түсінікті: ресейліктерге қайда болса да орналасу керек. Алыс шет елдерде бұл қазір мүмкін емес деуге болады, ал Қазақстан үшін де қосымша инвестициялар ағыны тіпті жақсы. Бұған қоса, ресейлік компаниялардан бөлек қазір бізге олардың батыстық серіктестері де қосылды.

Бірқатар ресейлік басылымдардың хабарлауынша Қазақстан электроника, түрлі машина жасау өнімдерін және жоғары технологиялық тауарларды ірі көлемде сатып алуда. Әрине Қазақстан халқы үшін мұндай көлемдер тым көп, сондықтан тауарлар Ресейге де сатылады. Сұраныс бар.

АКРА ресейлік рейтинг агенттігінің ақпаратына сәйкес, РФ-да Қазақстаннан машиналар, жабдықтар, көлік құралдары мен керек-жарақтар экспортының өсуі байқалады. Соғысқа дейін Қазақстан Ресейге 188 млн долларға тауар жеткізді, ал 2022 жылдың қаңтарынан маусымына дейінгі аралықта бұл сома 2,5 есеге көтеріліп, 467 млн долларға жетті. Әсіресе параллель импорт смартфондар сияқты қазақстандық экспорттық тауар бойынша айқын байқалады.

Тоңазытқышпен байып жатыр

Статистиктердің мәліметтері бойынша, 2021 жылы біз ресейлік компанияларға сатқан телефондардың жалпы құны 36,8 мың долларды құраған, ал 2022 жылы 78 миллион долларға сатылды. Сонымен қатар әр түрлі процессорлар, контроллерлер, флешкалар, жад карталары бар. Ақша жағынан айтқанда бұл мынаны білдіреді:

  • 2021 жылы жоғарыда аталған санаттар Қазақстанға 16 мың доллар табыс әкелді
  • 2022 жылғы қаңтар-маусым аралығында – 1,7 млн доллар

Бұл жағдай шетелде де бақыланады. Bloomberg (АҚШ) агенттігінің хабарлауынша, 2023 жылдың қаңтарында Қазақстан тоңазытқыштарды алдыңғы жылдармен салыстырғанда үш есе көп, ал сүт сорғыларын алты есе көп мөлшерде сатып алды. Бізге сонша не керек? Бұлар Ресейге қайта сату үшін алынған сияқты.

Америкалық сарапшылар атап өткендей, Қазақстандық бизнес-компаниялар одан да көп сатып ала алар еді, бірақ сақ болуды жөн көріп отыр. Әйтпесе шетелде бұл бизнес-стратегияны дұрыс түсінбей, оған қайталама санкциялар салынып жүрер.

Қалай болғанда да, осы жайттарға  қарап-ақ Ресей Қазақстанға экономикалық тұрғыдан мұқтаж деген қорытынды жасауға болады. Бірақ шын мәнінде бұл тәуелділік екі елге де өзара тиімді екенін және амалсыздықтан болып отырғанын да мойындаған жөн.

Өйткені, егер Қазақстан Ресеймен экономикалық қатынастарды үзіп, ЕАЭО-дан шығады деп елестетсек, онда біздің тауарларымызға кем дегенде импорттық баждар өседі, ал Ресей Федерациясына экспорт шамамен үш есеге азаяды. Сондай-ақ, Қазақстан ресейлік инвестициялардан айырылуы мүмкін – бұл жыл сайын шамамен 11,5 млрд доллар.

Сарапшылардың айтуынша, РФ-мен қарым-қатынас үзілген жағдайда Қазақстанға басқа мықты одақтас қажет болады. Ал бұл тек Қытай. Қазақстанның батыс әлемімен қарым-қатынасы қандай болатыны тағы бір қызықты мәселе. Бірақ әзірге Қазақстанға басқа стратегиялық серіктестермен тым тығыз достық қарым-қатынас жасау тиімсіз.

ТЕГи: Геосаясат, Главное, Қазақстан, Сарапшылар ойы, Экономика
Фариза Сагындыкова 07.03.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?