Қоғам

Қазақстан ажырасу бойынша әлемде көш бастап тұрғаны рас па?

Қазақстандық әлеуметтанушы Серік Бейсембаев өзінің Qogammetrika Телеграм арнасында «Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша алғашқы қатарда» деген ақпаратқа фактчекинг жүргізген екен. Шын мәнінде, Google Қазақстан 4,6 деген көрсеткішпен Мальдивадан кейін екінші орында деген ақпаратты береді. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде кеңінен вирусталып, әжептәуір резонанс тудырғаны да белгілі.

Бірақ, әлеуметтанушыда бұл дерек күмән туғызады, себебі, айтуынша, ресми статистика бойынша бізде ажырасу коэффициенті ешқашан 3-тен асқан емес.

Бірнеше сайтты ақтарғаннан соң барлығы worldpopulationreview.com деген ресурсқа сілтеме жасайтынын көреміз. Бірақ бұл еш ресми ұйым емес, жай статистикалық агрегатор екен. Олар 2023 жылғы ажырасу бойынша жарияланымда Қазақстанды екінші орынға қойған, және ақпарат көзі ретінде Біріккен ұлттар ұйымына сілтеме жасаған,

деп жазды Бейсембаев.

Бұдан соң әлеуметтанушы БҰҰ сайтына кіріп, әлеуметтік статистика бөлімінен ажырасуға қатысты жинақты жүктеп алады. Құжатта Қазақстандағы ажырасу бойынша соңғы статистика 2021 жылға берілген, және ажырасу коэффициенті 2,5 деп тұр, ал бұл біздегі ресми көрсеткіш. Демек, жоғарыдағы ресурс қате дерек беріп келген.

Ең сорақысы бұл фейк ақпаратты тіпті біздегі үкіметке қарасты Экономикалық зерттеулер Институтының өзі көшіріп алып, мақала қып шығарған. Мамандар өздеріне қарасты Ұлттық статистика бюросы беретін деректермен салыстырмаған да.

Сонымен, біз ажырасу жағынан әлемдегі лидерлерге жатпаймыз. Тіпті Уикипедияның өзін ашсаңыз бұған көзіңіз жетеді. Соңғы 2022 жылғы дерек бойынша, ажырасу коэффициенті 2,27 құраған, 2019 бері бұл көрсеткіш тұрақты төмендеп келеді,

деп қорытындылады әлеуметтанушы.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago